Жарнама сауатты, ана тіліміз тұнық болсын.

   Жарнама сауатты, ана тіліміз тұнық болсын.

 Жуырда  Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының қолдауымен  Көкшетау қаласында мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз етуге және мемлекеттік тілдегі жарнама мәтінінің сауатты ресімделуіне атсалысып жүрген азаматтарға қолдау көрсету, ынталандыру мақсатында «Сауатты жарнама – тіл абыройы» облыстық байқауы өткен болатын.  Руһтың жігері атаның қанымен, тілдің дәмі ананың сүтімен бітеді, дейді атам қазақ. Жарнама әр түрлі жанырда болатынын ескерсек, жарнаманың сауатты болуы шарт. Сауданың жарнамасы, тойдың жарнамасы, көрменің жарнамасы деп, кете береді. Ал біз байқап бағамдай алмай жүрген жарнаманың тілдік, мәтіндік сауатын жетілдіру үшін Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы осы байқауды ұйымдастырғанын сезіп отырмыз. Бүгінгі күні ана тіліміз, мемлекеттік тілдің жарнамалық сауатын қойып, ауыз екі әңгімесіндеде, қазақ тілінің қолдануы, сөйлеу мәнері өте таяз денгейде. Бірақ, тілдің денгей таяз деп, күнделікті жарнамалардың сауатына бей жай қарауға болмайды. Жарнамада тілдік, мән мәтіні жағынан руһани құндылыққа жатары сөзсіз. Осы мақсаттардан туындап Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының  Тілдерді дамыту бөлімінің мамандары руһани дүниенің аяқ асты болмауын қадағалау үшін байқау ұйымдастырып, жетістіктерін насихаттап, кемшіліктерін түзету мақсатына байқауды ұйымдастырыпты.

Байқауға заңды мекемелердің жарнама мәтінін әзірлейтін копирайтерлері, мемлекеттік тілге аударма жасайтын мамандар және тиісті (жергілікті) органдар арқылы тіл нормасы бұзылып ресімделген жарнамаларды және стильдік қатемен берілген аудио/ бейнежарнамаларды анықтап, түзету жұмыстарына атсалысқан  тіл жанашырлары  қатысты.                   Байқауды тіл мамандары, журналистерден құралған қазылар алқасы таразылады.

Қазылар алқасының шешімімен жеке азаматтар санаты бойынша жүлделі ІІІ орынды Целиноград аудандық  З. Әбдібекова, ІІ орынды Ақкөл аудандық  Г.Дүйсенбаева, І орынды Көкшетау қалалық Б. Қайыров иеленіпті.

Заңды тұлғалар  арасынан жүлделі ІІ орын «ART-Көкше» ЖШС-нің менеджері Э. Жаменоваға, ІІІ орын «Дизайн сити» ЖШС-нің менеджері Б. Жүнісовке бұйырды. Байқау нәтижесі бойынша барлық қатысушыларға тиісті дипломдар мен алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Облыстық байқаудың жүлдегерлері дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Облыстық байқауда бірінші орынды иеленген жеңімпаз қыркүйек айының аяғында өтетін «Сауатты жарнама – тіл абыройы» республикалық байқауына қатысатын болады.

 С

Дахан Шөкшир
08.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5402
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5557
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20525
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19156
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22616