ЖАС МАМАНДАРДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРУДЕМІЗ

ЖАС МАМАНДАРДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРУДЕМІЗ

Соңғы кездері әлеуметтік желілер көңілге қаяу түсіретін  подкастарға толып кетті. Елдің ертеңіне алаңдап, халықтың гүлденуіне адал қызмет жасап жатқан қазақстандық кәсіпкерлер, шыны керек, назардан тыс қалып жатқаны жасырын емес. Сондықтанда халықтың игілігіне қызмет етіп, елдің алғысына бөленіп жүрген өз ісінің білгірі, Ақтөбе – Қандыағаш – Атырау – Астрахань бағытының Тамды – Қандыағаш учаскесінің жолдарын төсеп жатқан «АССАНА-ДОРСТРОЙ» компаниясының директоры Махамбет Салимовты сөз тарттық.

Сөз кезегін Салимов Махамбетке берелік:

 – Біздің «АССАНА-ДОРСТРОЙ» – 1-категориялы компания. 10 жылдан астам уақыттан бері халықаралық және жергілікті тас жолдарды төсеп келеміз. Мысалы, қазір Ақтөбе – Қандыағаш – Атырау – Астрахань халықаралық жолының құрылысына араласып, жол салып жатырмыз. 2-локты 4 жолақ жол, 34 шақырым және Қандыағаш айналма 2 жолақты жол. 16 шақырымды құрайды. 2-категория деп аталады. 6 көпір жолдары да бар. Жалпы жолға төселген асфальттың қалыңдығы 65 сантиметрді құрайды. 38-сантиметр щебень, 3-қабат асфальт төселді. 12 сантиметр жоғары қабатты, 10 сантиметр 2-қабатты және 5 сантиметр соңғы үстіңгі қабатты. Бұл жоба 2021 жылы басталды. Бұйырса осы жылдың аяғында толық тапсырамыз. Яғни жолдарды ашамыз.

Жолдың құрылысына Азия даму банкісінен қаржы бөлінді. Жобаның бағасына келсек, 50 шақырым жол 30 миллиард теңгені құрап отыр. Қазіргі таңда Көлік министрі Марат Қарабаев мырза, «ҚазАвтожолдың» басшылары Дархан Иманашев мырзалар соңғы кезде жолдарға көп көңіл бөліп, көмектесіп жатыр. Жергілікті құрылыс мекемелері де тендерлерге қатыссын деп, отандық жол салушыларға да кеңдік көрсетіп, үміт отын оятты. Өйткені, 10 жылдан бері қазақстандық жол салушыларға дұрыс көңіл бөлінбеген болатын. Сол себепті көптеген компаниялар тарап кеткен еді.

Жаңа министр М.Қарабаев мырза біздерді жинап, Астанаға қайта-қайта шақырып, жаңа шығып жатқан тендерлерге қатыстырып жүр. Мысалы, Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын тас жолы 280 шақырым болады. Қолдарынан келген көмектерін көрсетіп жатыр. Бұрын жолға байланысты тендерлерді қытайлар, әзербайжандар, түріктер алатын еді. Енді өзіміздің 10-15 шақты жол салушы мекемелеріміз тендерлерге қатысып, жайлап-жайлап аяққа тұрып келеді. Бірақ та білікті мамандар жоқ. Жастар мұндай жұмысқа барғысы келмейді. Колледждерді көптеп ашып, жастарды көбірек оқыту керек.

– Біздің отандық жол салушылар шетелдік мамандардан кем түсе ме?

                 Жоқ, біздің мамандар да өзгелерден кем емес. Бұрындары техникадан қиындық көргеніміз рас. Қазір олай емес, біздің де қолымызда қажетті техникалар бар.

Қаржы мәселелеріне келсек, халықаралық жолдар инвестициялық жолмен қаржыландырады. Ал, ішкі жолдар республикалық бюджеттен алады.   

– Ал ол қаржыларға жергілікті әкімдердің қаншалықты қатысы бар?

– Әрине, қатыстары бар. Облыс әкімі А.Шахаров мырза және қала әкімі А. Бекет мырзалар да көмектесіп жатыр. Биыл ерекше жәрдем беруде. Негізі әкімдерді жиі ауыстырмай, 4-5 жыл жұмыс істету керек шығар. Мысалы біздің былтырғы келген әкімдеріміз жақсы (А.Шахаров пен А.Бекетті айтып отыр), олардың  жұмыстарының нәтижелерін көру үшін 5 жыл қозғамау керек. Өйткені, өздерінің жобаларын іске асыру керек қой...

Махамбет Салимовтың ағынан ақтарыла айтқан пікірін біз де құптай отырып, өз тарапымыздан қосарымыз – әкімдерді жиі ауыстырып әлек болудың қажеті жоқ. Еркін тыныс алуларына мүмкіндік беру керек. Өзім де қала ішін аралап жүргендіктен, жолдардың көбі аяқталып, машина айдаушылардың алғыстарына бөленіп жатқанын көріп, естіп жүрмін.

Бір компанияның басшысы айтады: «Әкімдер келіп-кетіп жатады, ал біз қаламыз».

 Салимов Махамбет отандық жол салушы кәсіпкерлердің жұмыстары алға жылжып, еңселері көтеріліп келеді деп қуантып отыр. Ел байлығының игілігін қашанғы бөтендер ғана көреді?!

Кәсіпкер жастардың бұл салаға келмей жатқандарына да алаңдаушылық білдірді. Өйткені оқу орындарына барып, кездесулер өткізіп жүр екен. Сонда отыз шақты студенттің 2-3-еуі ғана тілек білдіреді деп отыр.

 Шегі жоқ сауда-саттық базарларын қаптата бергенмен, өндіріс алға жылжымай, елдің көсегесінің көгермесі анық!

 Қиын кезеңдерден сабырлылығын, ауызбіршіліктерін сақтай отырып, болашаққа үмітпен қарап, қыруар шаруалар тындырған «АССАНА-ДОРСТРОЙ» компаниясының ұжымына алдағы уақыттарда да халық игілігіне қызмет ете берулеріне тілектеспіз!

P. S.             

Бес жылдай салынбай шаң басып, тұрғындардың әбден зықын шығарған 41- разъездегі жолдар аяқталып, жұрт алғыстарын жаудыруда. Тіпті 2022 жылы тұрғындар өздері қаржы жинап салмақшы да болған екен. Құрбандық шалып, ағаш үй тігіп, жолдардың тезірек аяқталуын Құдайдан да сұрапты. Қазір жолдары іске қосылып, халық дән риза. Мысалы, Кеңқияқ ауылынан (200 шақырым) 2 сағатта Ақтөбе қаласына жеттік.

Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ, Алматы – Ақтөбе
30.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

Төбет – қазақтың ұлттық бренді
Жасұлан АБДИҒҰЛОВ, Қуат НҰРҒАЛИЕВ, әуесқой итбегілер - 09.12.2024 81
  Алтын қолды дәрігер
Аяужан ЖАЙЛАУҚЫЗЫ, Алматы қаласы - 08.12.2024 31
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 90
Шығыста шаруа қазаны қаз-қаз қайнап тұр
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 94
АБАЙ ЕЛІНДЕ АЛАШТЫҢ РУХЫ БАР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 101
Шығыста шаруа қазаны қаз-қаз қайнап тұр
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 94
АБАЙ ЕЛІНДЕ АЛАШТЫҢ РУХЫ БАР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 101
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 90
Ақмола астық жинаудан рекордтық көрсеткішке жетті
Дайындаған – Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 07.12.2024 87
РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨКСЕГЕНІ НЕ?
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 07.12.2024 84
Ән өнерінің саңлағы
Саяжан ҚАЙДАР - 06.12.2024 95
ТҮРЛЕНГЕН ТҮРКІСТАН, ҒИБРАТЫ МОЛ КИЕЛІ МЕКЕН
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 06.12.2024 94
Тоқсанның төріндегі театр
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 06.12.2024 90

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 10373
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9353
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12593
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11565
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 16576