Жасанды интеллект білім беру саласына енгізіле бастады

Жасанды интеллект білім беру саласына енгізіле бастады

Алматыда ұстаздар мен оқушыларға арналған жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін көмекші таныстырылды. Qamqor – бірнеше электронды оқулықтың мазмұны кіріктірілген интеллектуалды қосымша. Ол сол оқулықтар шеңберінде кез келген сұраққа жылдам жауап беріп, оқу материалын тиісті тақырыпқа байланысты өңдеп ұсына алады. Бұл мұғалімнің уақытын үнемдеп, оқу процесін автоматтандыруға және білім беру мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалануға септігін тигізеді. Сонымен қатар, цифрлық технологияларды қолдана отырып, оқыту әдістемесін жетілдіруге мүмкіндік береді.

ЖИ көмегімен оқу деректерін жинау, бағалау және талдау мұғалімдерге оқу үдерісін жекешелендіруге және оқушылардың үлгеріміне негізделген шешімдер қабылдауға көмектеседі. Мұғалімдер есептерді құрастыруға уақыт жұмсамай, оны ЖИ-мен жұмыс істейтін цифрлық құралдарға сеніп тапсыра алады. Дегенмен, жасанды интеллекттің тиімді жұмыс істеуі үшін деректерді талдау параметрлерін дұрыс қою маңызды.

TopIQ.kz білім беру платформасына енгізілген «Qamqor» онлайн-ассистенті «Алматыкітап» баспасы ұйымдастыратын республикалық «Leader TopIQ» байқауының биылғы бес жылдық мерейтойында ұстаздарға кеңінен таныстырылды. Qamqor анимациялық кейіпкерге айналып, көк экран арқылы көпшілікті таңғалдырды. Ол   TopIQ.kz платформасындағы білім беру процесін жеңілдетуге арналған қызметтері туралы баяндап, ұстаздар мен оқушыларға цифрлық білім берудің жаңа мүмкіндіктерін көрсетті.

Іс-шараға еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан келген педагогтер мен оқушылар қатысып, байқаудың бес жылдығына орай челлендж өткізді. Осылайша әр облыс өкілдері тікелей эфир арқылы жылы лебіздерін жаудырып, сауапты да жауапты міндетті атқаратын ұстаздардың жандарын жадыратар жарыстың сүрер дәурені ұзақ болуын тіледі. 

«Алматыкітап баспасы» жыл сайын ұйымдастыратын «Leader TopIQ» республикалық сайысына осы уақытқа дейін 2 мыңға жуық адам қатысты. Олардың ішінде 1300 мұғалім, 300 оқушы және 150 педагогикалық колледж студенті бар. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бұл жобаның ұстаздардың кәсіби дамуына және педагогикалық әдістемелерін жетілдіруге оң әсер еткенін атап өтті.

Платформаның жұмысын ұйымдастыратын мамандар үшін «Leader TopIQ» байқауы электрондық контентті жетілдіру бойынша тұрақты кері байланыс беретін маңызды алаңға айналды. Сонымен қатар, байқау барысында жоғары білікті мұғалімдерді оқулық дайындау мен сараптау жұмыстарына тартуға мүмкіндік пайда болды.

Биылғы мерейтойлық байқаудың басты ерекшелігі – білім беру процесіне жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді енгізуге, электрондық оқулықтар мен білім платформаларын күнделікті сабақта ұтымды пайдалануға үйрету. Бұл бағыттағы тәжірибелер болашақта білім беру сапасын арттыруға септігін тигізері анық.

 

Гүлмарал ҚАБДОЛАШЕВА
13.03.2025

Ұқсас жаңалықтар

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕ
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі - 01.04.2025 142
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
Жамбыл облысы әкімдігі - 01.04.2025 192
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ГҮЛМЕН КӨМКЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 66
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ  ТӨЛЕБИЛІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 246
ШАРДАРАЛЫҚ ЗІЛТЕМІР ШЕБЕРІ ТҰҢҒЫШ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 55

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3570
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3778
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18700
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17384
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20805