Жасанды интеллект қаланы көркейтуге үлес қосады

Жасанды интеллект қаланы көркейтуге үлес қосады

Алматы замандық технологияларды енгізуді жалғастырып, жасанды интеллекті қоғамдық қауіпсіздік пен қалалық инфрақұрылымды басқаруда кәдеге жаратып келеді. ЖИ қоғамдық көлікті басқарып, жол жағдайын бақылап, тәртіп бұзушылықты анықтап, өртті ерте байқау сияқты міндеттерді шешуге көмектеседі. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мейрам Дүйсеков осылай деді.

Қаладағы негізгі жобаның бірі – Ахуалдық орталық. Мұнда машиналық оқыту мен үлкен деректерді талдау әдістері қолданылады. Жүйе жолдағы қозғалысты саралап, көлік ағынын реттеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Open Almaty платформасына түскен өтініштер талданып, тұрғындардың сұранысына сәйкес шешім қабылданады.

Жасанды интеллект бейнемониторинг жүйесінде де іске қосылған. Алгоритмдер адамдардың көп жиналуын, күдікті әрекеттерді, төбелесті, қаруды, өрт пен түтінді анықтайды. Сонымен қатар тәртіп бұзушылықтарды белгілеп, адамдар мен көліктерді сипаттама бойынша іздей алады. Жыл соңына дейін бейнеаналитиканың жаңа модульдері қосылады. Олар рұқсатсыз қоқыс төгілген орындар мен толып кеткен контейнерлерді анықтап, қоғамдық көліктегі бейнеағынды талдайды.

«Жолдардың жағдайына да ерекше назар аударылып отыр. Өткен жылдың қазан айынан бастап ЖИ негізіндегі мониторинг жүйесі іске асырылды. Жол жабыны туралы деректер автобустар мен жедел жәрдем көліктеріне орнатылған бейнетіркегіштер арқылы жиналады», – деді спикер.   Алматы тәжірибесі көрсеткендей, жасанды интеллект пен цифрландыру қала өмірінің маңызды бөлігіне айналып келеді.

 

Гауһар ТҰРСЫНҚОЖА, Алматы қаласы
10.09.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 17535
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 17381
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 32559
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31151
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 34799