"Атадан мал қалғанша тал қалсын" қанатты сөзін Жасөркен ауылы терең ұғынған.
Бүгінде Жасөркендіктер ауыл тұрғындары болып бірігіп, "Мейірім" жобасы аясында өз ауылдарындағы Тұрыс ата мешіті ауласына 130 түп алма ағашын егуде.
Ағаш егудегі басты мақсат Жасөркен ауылын көгеріштендіру, жасыл желекке айналдыру, өскелең ұрпаққа үлгі.
Ауыл тұрғындары алдағы уақытта бұл жұмыстарды жыл сайын дәстүрге айналдырып, бірінші кезекте ауыл көп шоғырланатын әлеуметтік нысандар маңына одан кейін көше жанындарына тал егіп көгеріштендіреміз деген жоспарлары бар.
Игі істен шекарашылар да шет қалмады!
ҚР ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаменті Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасы Жасөркен шекара заставасының әскери қызметшілері тал егуге өз үлестерін қосуға ниет білдіріп, шекара сарбаздарымен бірігіп алма және арша ағаштарын отырғызды