ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚЫЛМЫСЫНА «ЖОҚ!» ДЕЙМІЗ

ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚЫЛМЫСЫНА «ЖОҚ!» ДЕЙМІЗ
Жамбыл облысының ПД бастығы Балалар жылына арналған жоспарлар туралы айтып берді
Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Жамбыл облысының Полиция департаменті мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, балалардың құқықтарын қорғау бойынша кешенді жұмыс жүргізуде. Бұл туралы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин хабарлады.
Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың нұсқауы бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алумен қатар, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, оқудан жалтарған жасөспірімдерге қатысты шаралар қабылдау, тұрмыстық зорлық-зомбылық деректерінің жолын кесу де негізгі міндеттер болып табылады.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсан қорытындысы бойынша облыста кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар саны 21%-ға азайды.
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жыл басынан бері прокуратура органдарымен, білім беру және денсаулық сақтау салаларының өкілдерімен бірлесіп, 540-тан астам рейдтік шаралар жүргізілді.
Ювеналдық полиция инспекторлары барлық мектептерде оқушылармен және олардың ата-аналарымен кең көлемде оқыту және түсіндіру сабақтарын өткізеді.
Бүгінгі күні балалардың қатысуымен бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды, атап айтқанда, «Мен және менің полицейім» республикалық акциясы, «Полиция балалар көзімен» тақырыбында суреттер, шығармалар мен өлеңдер байқауы, балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы мектепте алдын алу іс-шаралары, Полиция департаментінің Кинологиялық орталығына экскурсиялар өткізілді. Сонымен қатар, ішкі істер органдары есебінде тұрған оқушылардың облыстың атақты спортшыларымен мотивациялық кездесуі ұйымдастырылды.
Білім беру мекемелерінің қабырғасында балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінеді.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында облыстың барлық 443 мектебі бейнебақылаумен жабдықталған. Дабыл түймелеріне қосылған орталықтандырылған бақылау пульттері 134 мектепте орнатылған. Турникеттермен 67 мектеп жабдықталған. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, осы бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады.
Балалардың энергиясы дұрыс арнаға бағытталуы маңызды.
Полиция бөлімдерінде есепте тұрған мектептердің 98 оқушысы мен колледждердің 42 студенті спорттық секциялар мен шығармашылық үйірмелерге қатысады.
Бұл істе әлеуметтік педагогтарға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Олар құқық бұзушылықтың алдын алу, қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға, қиын жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізеді.
– Мемлекет басшысы «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз», – деп атап өткендей, олардың жақсы өмір сүруі – еліміздің табысты болашағының сенімді кепілі, – деп қорытындылады Арманбек Хакимбекұлы.
Өңірлік коммникациялар қызметінің алаңызда #БАЛАЛАРЖЫЛЫ айдарын күнделікті бақылаңыз.
 

 

Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі
14.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 59
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 45
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 102
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 103
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 33
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 59
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 211
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 217
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 430
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 394

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9085
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8483
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11711
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9477
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10692