Шара барысында партияның Саяси кеңесі Бюросының мүшесі, республикалық ««Egemen Qazaqstan»» газетінің Бас директоры Дархан Қыдырәлі, «Әділдік жолы» республикалық ҚБ атқарушы директоры жастармен кездесті. Спикерлер кездесу барысында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, форум жұмысы жастарға асқақ рух, жаңа жігер сыйлайтынына сенім білдірді.
«Қазақстанның әр тарапынан келген жастар – еліміздің бүгінгі көңіл күйінің айнасы. Қаңтарда «Буырқанған бұла буын» деген мақала жазып едім. Сіздер сол буырқанған буынсыздар. Сіздерді Мағжан айтқан, Қасым айтқан рухты жастар деп білемін», – деп атап өтті Дархан Қыдырәлі. Өз кезегінде съезд қатысушылары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын да жеткізді. Ел тарихына, тарихи тұлғалардың жүріп өткен жолына, тағдырына қатысты сауалдарын жолдады. Съездің үшінші күні қызықты ойындармен жалғасты. Делегаттар ой жарысқа түсті. Сондай-ақ, делегаттар зияткерлік бағыт бойынша арнайы Quiz-ден өтті. Quiz ойыны А. Байтұрсыновтың 150 жылдығы мен М.Әуезовтың 125 жылдығына арналған сұрақтардан құралды. Сайыс open air-ге ұласып, «Не кипишуй» КВН командасы қатысушыларға керемет көңіл күй сыйлады» деп хабарлайды jastar_ruhy7.