Жастардың ұсыныстары ескеріледі

Жастардың ұсыныстары ескеріледі

Жуырда Орал қаласындағы белсенді жастар ұйымдарының өкілдері мен білім ордаларының жанынан құрылған бірлестіктердің мүшелері қала әкімімен кездесу мүмкіндігіне ие болды.

Орал қалалық әкімдігінің баспасөз    қызметінің мәліметінше, шаһар басшысы Миржан Сатқанов облыс орталығындағы волонтер жастармен кездесті. Бүгінде әртүрлі бағыттар бойынша жүйелі жұмыстар атқарып жүрген елуге тарта ерікті жас қала басшысына сан алуан сауалдарын жолдап, көкейлеріндегі ұсыныстарын жеткізді. Атап айтқанда, шаһарда медициналық волонтерлықты дамыту, ерікті жастар арасында спартакиадалар ұйымдастыру, волонтерлықпен айналысатын барша ұйымдардың басқосуымен үлкен жобаны жүзеге асыру сынды ой-пікірлерін ортаға салды. Өз кезегінде қала әкімі Миржан Мұнайдарұлы белсенді жастардың ұсыныстары қаперге алынатынын жеткізіп, жастарға алғысын білдірді. Сонымен қатар кездесу барысында қала бойынша  әртүрлі қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып, еріктілер қозғалысын дамытуға өз үлестерін қосып жүрген жастар қала әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. 

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы
05.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

Балалар суицидінің алдын алу жолдары
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 28.03.2026 79
Ақ пен Қараның тайталасы
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.03.2026 126
Жер қатынастары  жүйесі нені реттейді?
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 27.03.2026 76
Кешеннің негізгі мәселелері
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 27.03.2026 78

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24057
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23726
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41207
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37132
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41389