Жауапты қызметтің жүгін арқалап жүргендерге құрмет көрсетілді

Жауапты қызметтің жүгін арқалап жүргендерге құрмет көрсетілді

Биыл – Қазақстан полициясына 30 жыл. Осыған орай Орал қаласындағы Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония залында мерекелік іс-шара өткізілді.

БҚО Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ұйымдастырған мерекелік кешке департаменттің жеке құрамы, ішкі істер органдарының ардагерлері мен шақыртылған қонақтар қатысты. Кеш тізгінін алған жүргізушілер кәсіби мереке иелерін құттықтап, құттықтау сөз кезегін  департамент бастығының міндетін атқарушы, әділет полковнигі Асқар Тілегеновке ұсынды. Департамент басшысы әріптестерін төл мерекелерімен құттықтап, сала қызметкерлері жауапты да салмақты қызметтің жүгін арқалап жүргенін атап өтті.

Бұдан әрі бір топ қылмыстық-атқару жүйесі қызметкеріне жаңа шендері табысталды. Сонымен қатар өз қызметтерін адал әрі абыроймен мінсіз атқарып жүрген мамандар түрлі марапаттар иеленіп, құрмет-қошеметке бөленді. Шара барысында қатарға жаңадан қосылып, белсене қызмет атқарып жүрген жас қызметкерлердің ата-аналары да елеусіз қалмады. Ішкі істер органдарының ардагерлері қатысушыларға өз тілектерін жеткізіп, құқық қорғау саласындағы іс-шараларға белсенді түрде өз үлестерін қосып жүрген қызметкерлерді марапаттады.

Салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласып, өңірімізге танымал өнерпаздар патриоттық әндер орындады. 

– Мен бұл салада 2018 жылдан бері қызмет атқарамын. Мерейлі мерекеде қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне осындай көңіл күй тарту еткеніне қуаныштымын. Бүгінгі алған марапатымыз біздің өз жұмысымызға деген жауапкершілігімізді күшейте түсті. Барлық әріптестерімді кәсіби мерекелерімен құттықтаймын, – деді департаменттің пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің инспекторы, әділет аға лейтенанты Серік Джумагазиев.

Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы
23.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 68
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 69
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 178
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 182
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 399
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 362
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 980

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9057
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8453
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11681
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9444
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10661