Жазасын өтеуші марапатталды

Жазасын өтеуші марапатталды

Бұл жаңалық құлағыңызға тосын естілер. Алайда тағдыр тезіне ұшырап, бостандығы шектелген адамдарды дұрыс жолға бағыттап, өмірде жаза басқанын ұғындыру үшін жасалып жатқан жұмыстардың нәтижесі бұл.

Мұндай ақпаратпен БҚО Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі бөлістіАтап айтсақ, Батыс Қазақстан облысына қарасты Тасқала ауданының әкімі аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған шартты түрде сотталған Н. есімді азаматты «алғыс хатпен»марапаттады. Бұл марапат сотталушыға Тасқала ауданының аумағындағы көктемгі су тасқынының алдын алу және болдырмауға қарсы жүргізілген іс-шараларға белсенді атсалысып, өз үлесін қосқаны үшін берілді.

        «Аудан тұрғындары қырағылық пен қайсарлық танытып, алдыңғы қатардан көрініп, ауданымызға төнген табиғи апаттың алдын алуға сақадай сай болған Сіздей азаматты мақтан тұтады» делінген аудан әкімінің алғыс хатында.

         Аудандық пробация қызметінің инспекторлары алдағы уақытта есепте тұрған сотталғандарды түзу жолға бағыттау мақсатындағы профилактикалық жұмыстарды белсенді түрде жалғастыратын болады.

Ләззат ҚАЖЫМОВА
26.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 150
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 162
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 439
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 427

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18343
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18205
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33391
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31944
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35703