Шахмат жарысында бірінші орынды жазасын өтеуші Ускенбаев иеленді. Ал екінші орынды Муталиев, үшінші орынды Тортбаев жеңіп алды.
Жеңімпаздармен жүлдегерлерді мекеме бастығы әділет подполковнигі Бақытжан Шарипбеков арнайы мақтау қағаздарымен марапаттады.
Айта кету керек, жарыс барысында мекеме қызметкерлері жазалы жандарға шахмат ойынының шығуы туралы, шахматқа қатысты қызықты деректер мен бұл ойынның адамның ойлау жүйесін жетілдіруге тигізетін пайдасы жайлы пайдалы әңгіме өткізді. Осылайша, ҚАЖ қызметкерлерінің қызықты әңгімесі сотталғандардың шахмат ойнауға деген ынтасын арттыра түскені анық.