Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік процестік кодексімен реттеледі. Жеке және заңды тұлғалар өздерінің өтініштерін қағаз жүзінде және электронды түрде берсе болады. Е-өтініш азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаңыз арқылы бере аласыз. Түскен өтініштер Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің көрсетілген 63 баптың талаптарына сәйкес болу керек. Қағаз немесе электронды түрде берілген жолданым жеке тұлғадан келіп түскен жағдайда жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру номірі мекен-жайы, заңды тұлғаның почталық мекен жайы, бизнес сәйкестендіру номірі тағыда өтінімде берілген әкімшілік органның немесе лауазымдық адамның атауы егер сіз арыз шағым түсіретін болсаңыз лауазымды маманға немесе әкімшілік органға одан кейін жолданымның мәні, берілген күні және өтінім жазылған күні арыз иесінің қолы болу керек, немесе оның уәкілі жазған жағдайда қолы болу керек және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзгеде мәліметтер көрсетілуі қажет. Осы әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің белгіленген тәртіппен берілген жолдарын міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға жатады. Жолданымды қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады. Жолданым келіп түскен күні тіркеледі. Жалпыға қол жетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы кодексімен берілген тәртіппен қаралуға жатады. Егер түскен жолданым мемлекеттік органның не лауазымды адамның өкілеттілігіне кірмейтін болса оны лауазымды адам келіп түскен жолданымды келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күнінен бастап кешіктірілмей мерзімде өтініш берушіге бір мезгілде хабардар ете отырып, құзырына жататын органға лауазымды адамға жолданады. Егер жолданым мемлекеттік органның құзырына кірсе 63 баптың талаптарына сәйкес келсе қозғалған әкімшілік рәсім мерзім жолдарымдары келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнінің ішінде қаралады.
Наурызбай ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер уақтылы және сапалы қаралады, қажет болған жағдайда өтiнiш берушiнiң қатысуымен нәтижелер бойынша тыңдау хаттамасы өткiзiледi
Арыз-шағымдардың келіп түсу сипаты көбіне (тұрғын үй алаңында арнайы қалдықтарды жинау және уақытша сақтайтын қоқыс жәшіктерінің (контейнер) уақытылы қоқыстардың шығарылмауы, тамақ өнімдерінің қанағаттанарлықсыз сапасына, объектілердің заңсыз қызметіне, объектінің қанағаттанарлықсыз санитариялық жағдайына және т.б. болды.
Наурызбай ауданының
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының
басшының орынбасары
С.К.Ахметова















