Байзақ ауданы ауданы аумағында кезекті сенбілік жұмыстары өткізілді.
Сенбілік барысында әрбір бөлім, мекеме қызметкерлері белсенділік танытып, ағаш көшеттерін отырғызды.
Ағаш отырғызу жұмыстары «Тараз-Сарыкемер» бағытындағы Талас ауылы бұрылысынан, Қостөбе ауылына дейінгі аралықты қамтыды.
Көшет отырғызу реттілігі сақталып, 1,44 метрден арақашықтықта алдын ала отырғызылатын жерлер өлшеніп қазылды. Ұйымшылдықпен атқарылған істің нәтижесінде 625 дана түрлі сорттағы алма және 200 дана шабдалы, 50 дана сәндік ағаштар егілді.
Сонымен қатар ауылдық округтерде де түрлі ағаш көшеттері отырғызылды.