Жемқорлық – індет, Күресу – міндет

Жемқорлық – індет, Күресу – міндет

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес – ең өзекті мәселенің бірі. Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, тамырын жайып, жойылмай  келе жатқан кеселдің бірі.  Сол себептен кез келген  дамыған қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес – ең өзекті мәселелердің бірі. Онымен күресу Қазақстанның да бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі – осы зұлымдықпен күресу. Бұл дертпен күресу бүкіләлемдік проблема болғандықтан, Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен 9 желтоқсан Халықаралық  сыбайлас жемқорлықпен күрес күні деп аталды.

Парақорлық дертімен көбіне қарапайым халық бетпе-бет  келеді. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстарына және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің, кейбір мекеме басшыларының білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы парақорлыққа итермелейтін фактордың бірі болып тұр. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, т.б. осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік  мекеме  басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі. 

Бұл құбылыстың жағымсыз салдары соншалықты, ол тек қоғамның дамуын тежеп қана қоймай, елдің ұлттық қауіпсіздігіне елеулі зардап әкелетіні анық. Жаһандық экономикада сыбайлас жемқорлық: нарықтық бәсекенің тетіктерін бұзады, мемлекеттік бюджеттің қаражаттарын тиімсіз таратуға, кірістің әділетсіз бөлінуіне әкеп соқтырады, бағаның өсуіне ықпал етеді, ұйымдасқан қылмыстық топтың құрылуына және көлеңкелі экономиканың пайда болуына себеп болады. Аталғандардың барлығы мемлекеттік бюджетке салықтың түспеуіне, мемлекеттің экономикалық қызметінің іске асырылуына кедергі болатыны анық. Әлеуметтік салада сыбайлас жемқорлық: тіршіліктің игіліктерінің әділетсіз бөлінуіне ықпал етеді, ол өз кезегінде мүліктік теңсіздікке әкеп соқтырады, мемлекет және қоғамның тіршілік етуін реттейтін негізгі құрал болып табылатын құқықты шектейді, нәтижесінде қоғамның санасында азаматтардың билік алдында және қылмыстылық алдында қорғансыздығы туралы көзқарастар мен сезімдер қалыптасады. Жылдан-жылға ұлғайып, қоғаммен бірге өркендеп, етек жайып, етене сіңісіп келе жатқан бұл кеселдің тереңнен құлаш жаймауына өз үлесімізді қосуымыз, тосқауыл болуымыз –зор міндеттердің бірі. Біздің мемлекетіміздің кемістігі осы қоғамды шарпып жатқан кеселдер болса керек. Өкінішке орай, есімі аталатын бұл кеселдің белең алуы кәдуілгі мемлекеттегі ішкі бүлік секілді. Қазіргі таңдағы қарастырылатын, қарастырылуы керек, қарастырылар үлкен жүйелі мәселеге айналып отырған дауасыз дерт. Сондықтан біртұтас қоғам ретінде біз де жүйелі жауап қатуымыз керек. 

Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздік алғанымызға отыз жылдан астам уақыт болды. Осы арада талай заңнамалар қабылданды,  соның ішінде,  ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы сан түрлі  іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда.  Өткенімізге көз салсақ, мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.Елімізде болып жатқан саяси жағдайларға зер салсақ, сыбайлас жемқорлықты күнделікті әдеті қылған әр адам мемлекет алдында жауап беруде. Яғни біз әрқайсысымыз өзімізге жүктелген негізгі міндетті заң тұрғысында дұрыс, дәл, адал орындап, коррупцияның таралуына жол бермеуіміз керек. Сана тазармай, адал қызмет те, елге деген сүйіспеншілік те жолға қойылмайды. Мемлекетіміздің біртұтастығы үшін әрекет ету – әр азаматқа жүктелген міндет. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік таныту әр  адамның  азаматтық міндеті болуы тиіс. Біздің заңнамаларға сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардың, ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын  қатаң түрде қамтамасыз етуге міндетті. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертпен қоғам болып күресуіміз тиіс. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық. Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. 

Елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыру үшін:

- елдің құқықтық сауаттылығы мен құқықтық ағарту ісін көтермелеу қажет;

- үнемі жемқорлықтың дамуына әсер ететін теріс факторларды анықтап, зерттеу қажет;

- қазақстандық қоғамның жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен құқықтық санасын көтермелеу және арттыру қажет;

- бұл істе мемлекеттік органдар қоғаммен бірігіп өзара іс-қимыл жасау керек.

Сыбайлас жемқорлықтың туындауы себептерін үнемі зерттеп тұру қажет және онымен күресудің амалдарын әрдайым іске асыру керек, жемқорлық құқық бұзушылығының зардабымен күрескенше, оны болдырмаудың жолын іздеу тиімдірек болары анық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұрт болып жұмыла қарсы тұру баршамыздың өмірлік қағидамыз болса ғана  нәтиже болады. Насихаттау ісі де ұшан-теңіз септігін тигізеді. «Бастаушы болса, қостаушы бар». Бұрыннан ізашары ашып берген бұл бастамамен күресудің ізбасары болып үлес қосайық. «Ұры – қарының серігі» дегендей, «Жемқорлық – сыбайластың серігі». Әлбетте, бірлесіп жасалатын бұл қылмысқа тосқауыл болуымыз құба-құп. Сондықтан қоғамның басты ескеретіні ұсыныс жасаушылық тарапы болса, бас тарту ісін құптауы тиіс. Өркениетті алға жетелейтін бағытты ұстанып, артқа тартатын шырмаудан түрлі бәле-кесапаттан сақтанып, бас емес, жаман дертті балаққа шығармайтындай халде болашаққа нық сеніммен қадам басайық. Сонда ғана әлем алдында мемлекет беделі артып, абыройы асқақтап, өскелең ұрпаққа мәдениетті, өркениетті, атымыз алтынмен апталған Қазақстанды қалдыра аламыз.

 

Римма Төреханқызы Кульбаева, «ПАРАСАТ» Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету Орталығы директорының орынбасары
19.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 38
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 97
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 30
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 38
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 44
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 37
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 92
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 97
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 292
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 286
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 907

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8984
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8379
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11604
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9362
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10588