Жемқорлықпен күрестегі жақсы нәтиже

Жемқорлықпен күрестегі  жақсы нәтиже

Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі мемлекеттік саясаттың бір бөлігі ретінде күн тәртібінде тұр. Мемлекет басшысы бұл саланың қызметкерлеріне маңызды тапсырмалар жүктеп, нұсқаулар беріп келеді. Онда мемлекеттік органдардағы, квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен (парақорлық, лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) күресті күшейту: заңсыз шығарылған активтерді қайтару: шетелге заңсыз жолмен шығарылған капитал мен мемлекетке келтірілген шығындарды анықтау және бюджетке қайтару бағытында жұмыстар жүргізу. Сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сыбайлас жемқорлық көріністерін ерте анықтап, олардың алдын алу шараларын ұйымдастыру міндеттелді. Осыған дейін де қарқынды жұмыс істеп келген құзырлы мекеме қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық дертімен жан аямай күресіп келеді. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі 7 шілде күні маусым айындағы қызмет нәтижелері туралы ақпарат таратты. “2026 жылы маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі 125 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды тіркеді. Оның ішінде сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі (97) парақорлық, (9) алаяқтық және (8) лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану, (7) жымқыру, (3) қызметтік жалғандық жасау, (1) билікті асыра пайдалану сияқты қылмыстарға қатысты. Қылмыстық істер бойынша 67 адам күдікті деп танылды. 149 қылмыстық істі тергеу аяқталды, оның 129-ы сотқа жіберілді.

Анықталған залал сомасы (аяқталған қылмыстық істер бойынша) 4,7 млрд теңгені құрады. Бюджетке 2,1 млрд теңге қайтарылды. Құны 971,4 млн теңге болатын мүлікке тыйым салынды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда”, – делінген таратылған хабарламада.

Бұл салада күрес жалғаса бермек. Әрине, бұл мақтанарлық жайттар емес. Алайда қылмыспен күрестің жүйелі әрі табанды жүргізілу нәтижесінде еліміз мұндай келеңсіздіктермен күресте белгілі нәтижелерге қол жеткізіп отыр. Мәселен, Transparency International ұйымы (Сыбайлас жемқорлық деңгейін көрсететін басты халықаралық көрсеткіш жариялайтын ұйым) жариялаған соңғы деректе: Қазақстан 38 балл жинап, 182 елдің ішінде 96-орынға тұрақтапты.

Мұндағы көрсеткіштер бойынша 0 балл – жемқорлықтың өте жоғары деңгейін, 100 балл – мүлдем таза екенін білдіреді. Әлемдік орташа көрсеткіш балл 42-ні құрайды. Қазақстанның көрсеткіші (38) әлі де осы орташа әлемдік деңгейден төмен болып отыр. Дегенмен бізде жыл сайын жақсы көрсеткіштер бар екенін айта кетуіміз керек. Қазақстан осы рейтинг бойынша Орталық Азия елдері арасында салыстырмалы түрде жақсы деуге негіз бар. Мысалы, Өзбекстан – 31 балл (124-орын), Қырғызстан – 26 балл (142-орын), Тәжікстан – 19 балл (166-орын), Түрікменстан – 17 балл (167-орын) деген бағаға ие болған.

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
16.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26594
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26027
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43413
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39206
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43822