Бүгін Жамбыл ауданында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық іріктеуінің жеңімпаздары анықталды. Жамбыл ауданы бойынша жеңімпаздары Шайқорық ауылының тұрғыны Әбілдаевтар, Түркісіб ауылының тұрғыны Сабырбековтер отбасы болды.
Үлгілі қос әулетті жерлестеріміз жақсы таниды. Себебі олар ауылға абыройлы, ағайынға үлгі болып, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеп, өңірдің дамуына үлкен үлес қосып келе жатқан жандар.
Осыған орай аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Асқар Байдалиев аталған жанұяларды арнайы қабылдап, жеңістерімен құттықтады. Сонымен қатар Әбілдаевтар мен Сабырбековтер әулетіне арнайы сыйлықтар табыс етілді.