Жеңісті күндерде жүздескенше!

Жеңісті күндерде жүздескенше!

Бүгін көзі тірі болғанда қазақ журналистикасының жарық жұлдызы, әріптесіміз, курстасымыз Амангелді Сейтханов 53 жасқа келер еді. Студент кезінен - ақ барлығымызды талантымен, суырып салма ақындығымен, өткір тілі мен өте білімділігімен тамсандырған Амангелдімен кейін "Спорт" газетінде, сосын "Хабар" телеарнасында бірге жұмыс істедік. 

Амангелді көпке спорт коментаторы болып кеңінен танылғанмен, әдебиет, мәдениет, тарихты айтпағанда, саясатты өте жақсы зерделейтін жан болатын. Ұлт, тіл, Мемлекет жөніндегі қаншама кесек ойларымен әріптестер, достары арасында ашық бөлісетін.  Жасыратыны жоқ, кей-кездері тіпті қоғамдағы жөнсіздік, түйткілді мәселелер бойынша түніліп, өз наразылығын айтқан кездері де көз алдымызда. 

Туған күніне орай, Амангелдінің отбасы бастамасымен, ауылдас, замандасы Rakhimgali KM қолдауымен алғашқы естеліктер кітабы шыққан болатын. Әрине, бір кітап Амангелдінің бар дарыны мен болмысын аша алмасы анық. Ол туралы журналистер қауымы да, спортшылар да, жалпы оның өмірлік жолында кездескен көп адамдар әлі де бөлісер. 

Қаншама қазақ спортшылар Амангелдінің бірауыз сөзі арқылы үлкен биікке ұмтылып, жеңіске жеткені де рас. Ол спортқа, спортшыларға шын жаны ашитын, кемшілігін де, артықшылығын да көрермен көзінше ашық айта алатын, жасығанды жігерлендіріп, тасығанды тәубесіне келтіре алатын шешен журналист еді ғой...

Менің айтпағым, Амангелді тек спорт емес, жалпы қоғам, ұлт , болашақ туралы көп айтатын. Өзінің әлеуметтік желілерінде де жариялап жүрді. Негізі, Амангелді Сейтхановтың  потенциалын толық ашып, ұлт үшін пайдалана алмағанымыз рас...

Амангелді Бейсен Құранбек атындағы "Жігер" журналистер байқауы жарияланғанда шынайы қуанғанын көрдік. Тіпті сол кезде арнайы фейсбукте пост та жазған еді. Онда сол кездегі Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ханымға алғыс айтып, БАҚ туралы өз ойын да ашық жазған болатын. Бұл жазба әлі де сақтаулы.

 https://www.facebook.com/100002758788760/posts/2661921780576422/?app=fbl

 

Амангелдінің өзінің атындағы арнайы кәсіби ортада байқаулар жарияланып, оның жүргізген репортаждарын жеке кітап шығару да қолға алынған жөн. Бұл ең бірінші кезекте еліміз, өскелең ұрпақ үшін қажет. Амангелдінің сөз саптауының өзі кейінгі теле журналистер үшін үлкен мектеп болары анық. 

 

Жаны жәннатта болсын .

Бибигуль Жексенбай
11.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 75
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 597
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 714
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 626
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 636

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8771
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8171
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11400
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9154
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10385