Жер қатынастары саласы цифрландырылуда

Жер қатынастары саласы цифрландырылуда

БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі баспасөз алаңының кезекті қонағы болған облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Мұрат Өмірәлиев Президенттің тапсырмалары аясында салада атқарылған жұмыстармен таныстырды.

Басқарма басшысы ағымдағы жылы жерлерді пайдаланудың тиімділігін арттыру, ауылшаруашылығы жерлерінің пайдаланылуына бақылауды күшейту, елдімекендерді қажетті жайылымдық алқаптармен қамтамасыз ету, жерлерді шаруашылық айналымға тарту, жер қатынастары саласын цифрландыру бағытында тұрақты жұмыстар жасалғанын баяндады

– Ел Президентінің тапсырмаларына сәйкес және өзекті мәселелер бойынша өңірдің жер қатынастары саласында бірқатар іс-шаралар орындалды. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап жерді пайдалану мен қорғауға бақылауды күшейту мақсатында ауылшаруашылығы жерлеріне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру функциялары орталық уәкілетті органға қайтарылып,облыс бойынша жер ресурстарын басқару департаменті құрылды. Бұл ретте, ағымдағы жылы тексеру жүргізуге тыйым салу туралы Жарлыққа өзгерістер енгізіліп, ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге тексеру жүргізуге мүмкіндік берілді.Осыған байланысты қалалық және аудандық уәкілетті органдармен игерілмей жатқан ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді анықтау жұмыстары жүргізіліп, оларды тексеру үшін облыстық департаментке материалдар жолданды, – деді Мұрат Амангелдіұлы. Айтуынша, жалпы облыс көлемінде 2019-2022 жылдар аралығында 1 млн. 414 мың га құрайтын пайдаланылмай жатқан ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер анықталған. Бүгінгі күні соның 284 мың га мемлекет меншігіне қайтарылған. Ал 868 мың гақұрайтын жер учаскелерінің иелері мақсатына сай игеруге кіріскен. Қазіргі таңда тексеру жұмыстарын жүргізу үшін облыстық жер ресурстарын басқару департаментіне жолданған 262 мың гажер көлемі бойынша тиісті шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді.

Бұдан соң ауылшаруашылығы жерлерін табыстау мәселесіне тоқталған басқарма басшысы оларды айналымға енгізу мақсатында жергілікті атқарушы органдармен конкурстар өткізіліп жатқанын айтты. Жыл басынан бері ауылшаруашылығы жерлерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін табыстау мақсатында 41 конкурс өткізіліп, жалпы көлемі 186 мың га құрайтын 298 жер учаскесі табысталған.

Жайылымдарды ауыл тұрғындарына қайтару бойынша тапсырмалар шеңберінде ҚР Жер кодексіне сәйкес жоспарлы жұмыстар атқарылған. Сонымен қатар Мұрат Амангелдіұлы кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскелерін жалдау құқығын сату бойыншааукциондар электронды түрде өткізілетінін жеткізді. Ағымдағы жылы өткізілген 52 аукционның нәтижесінде 189,2 га құрайтын 101 жер учаскесін жалдау құқығы 224 млн теңгеге сатылған. Сондай-ақ биыл ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесін алуға кезекке қою процесі автоматтандырылған. Бүгінде облыс бойынша жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерін алуға есепте тұрған азаматтардың саны 161 мыңнан асқан

Осы ретте Орал қаласы бойынша жер учаскелерін беру мәселесіне назар аударған БҚО жер қатынастары басқармасының басшысы М.Өмірәлиев:

– Қаланың іргесіндегі Круглоозерное кенті аумағынан жеке тұрғын үй құрылысына арнайы есепке 2002, 2003 жылдары және 2004 жылдың І, ІІ тоқсанында (7 маусымға дейін) тіркелген 900 азаматқа жер учаскелерін беру үшін өтініштерді қабылдау жүргізілді. Қазіргі таңда жоғарыда көрсетілген 900 адамнан 617 өтініш келіп түсіп, оның 511-не қатысты Орал қаласы әкімдігі жер учаскесін беру туралы қаулы жобаларын қабылдады. Қалған 283-інің тізімі Орал қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланып, оларға Орал қаласы әкімдігіне жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алуға өтініш беру жөнінде хабарламалар жолдануда, – деді. 

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО Орал қаласы
11.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

АРЫСҚА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР КЕЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 28.03.2024 67
ҚАЗАҚТЫҢ ЖАНЫ – ДОМБЫРА
Дәулетбек Байтұрсынұлы - 28.03.2024 121
ОТАНСЫЗ ЖЕТІМ, ДІНСІЗ БАҚЫТСЫЗСЫҢ
Нұрлан Байжігітұлы - 28.03.2024 50
АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ
Шу ауданы әкімдігі - 28.03.2024 40

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 345
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6448
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8159
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6529
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6664