Зерендідегі заманауи сүт-тауар фермасы

Зерендідегі заманауи сүт-тауар фермасы

 Зеренді ауданында 400 бас ірі қара малға арналған заманауи сүт-тауар фермасы пайдалануға берілді. Инвестициялық жоба Еленовка ауылында «Agro Milk Project» ЖШС тарапынан жүзеге асырылды. Бүгінде құрылыс жұмыстары толық аяқталып, сауу жабдықтары орнатылып, іске қосу-баптау жұмыстары жүргізілді.

«Голштин-фриз тұқымды ірі қараның жалпы саны биылғы төлді қоса есептегенде шамамен 440 басқа жетті. Қазіргі уақытта тәулігіне 4 тонна сүт өндіріледі, жаз мезгіліне қарай бұл көрсеткішті 6-6,5 тоннаға дейін, ал келесі жылы 8 тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр. Алдағы уақытта ферма дамуының екінші кезеңі қарастырылған, онда қосымша сиыр қорасы мен екі бұзау қорасын салу арқылы өндірістік қуатты кеңейту көзделген», – деп атап өтті «Agro Milk Project» ЖШС директоры Юрий Швец.

Өндірілген өнімнің барлығы «Milk Project» өңдеу зауытына жеткізілетін болады. Кәсіпорынның толық жобалық қуатына шығуы мал басының бейімделуіне қарай жыл соңына дейін жоспарланған.

«Айта кету керек, фермадағы сиырлар «Родина» агрофирмасынан және Қазақстанның басқа да ауылшаруашылығы құрылымдарынан әкелінген, бұл олардың жергілікті жағдайға бейімделуін жеңілдетеді. Бұл тұқым өңірімізде өзін жақсы көрсетті. Жалпы, мал шаруашылығы жобаларын іске асыру елорда маңында азық-түлік белдеуін қалыптастыруға бағытталған», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.

 

Д.ШӨКШІРҰЛЫ, Ақмола облысы
16.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25301
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24799
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42230
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38084
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42571