ЖЕТІСАЙДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

ЖЕТІСАЙДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
Негізгі күн көрісі ауыл шаруашылығы саласы саналатын аграрлы аймақ – Жетісай ауданының дихандары үшін әрбір күн мен сағатты тиімді пайдалану өте маңызды. Мол табысқа жетуде уақытылы дән сеуіп, дер кезінде минералды тыңайтқыштарды беру, кешіктірмей егістікті сығару үлкен рөл атқарады. Тынымсыз еңбек өз нәтижесін берері де сөзсіз.
Ала жаздай таңның атысынан кештің батысына дейін егістік алқапта тынымсыз еңбек етіп, еңбексүйгіштіктің озық үлгісін көрсетіп келе жатқан жетісайлық шаруалар мақта терім науқанын бастап та жіберді. Өнімділік те жаман емес.
Науқанның басталуына орай аудан әкімі Серік Мамытов егістік алқапқа арнайы барып, шаруалармен тілдесті. Қытайлық сорттың өнімділігі мен сапасын көрді. Тиімді тұстарын бірге талқылады.
Ауданда мақта терім науқанын алғашқы болып бастағандардың бірі осыдан 21 жыл бұрын диханшылыққа ден қойып, несібесін Жер-Анадан жинауды кәсіп еткен Қызылқұм ауылдық округінде орналасқан «Айдар» шаруа қожалығының төрағасы Ербол Айтуғанов.
Иелігіндегі 14 гектар жерге Қытайдың «60» сортының шитін сепкен шаруа биыл гектарынан орта есеппен 50 центнерден өнім алуды жоспарлап отыр. Өйткені, бұл сорттың бұған дейінгі мақта сорттарына қарағанда талшығы көп, шиті аз. Агротехникалық шаралары дұрыс жүргізілсе мол өнім алу мүмкіндігі де жоғары. Жаңа сорттың мол өніміне сенім артып, өткен жылы лизингке 1 комбайн мен 3 трактор алған Ербол баға дұрыс болса дегенді айтады.
–Ағын судан, минералды тыңайтқыштардан биыл қиындық көрмеуіміздің нәтижесінде өнімділік жақсы. Алдын біз «Сұлтан», «Мақтаарал», «Бұқара» деген сорттарды егетін едік. Өнім 20-25 центнерді құрайтын, құрт жейтін.
Биыл Қытайдың «60» деген сортын ектік, құрт та жемеді. Гектарынан 50 центнерге дейін өнім аламыз деп жоспарлап отырмыз, – дейді «Айдар» шаруа қожалығының төрағасы Ербол Айтуғанов.
Биылғы жылы ауданның 79,3 мың гектар суармалы жерінің 40,8 мың гектарына мақта шиті егіліп, қазірдің өзінде 200 тоннаға жуық мақта терілген. Науқанға 715 дана тракторлар мен 897 дана трактор тіркемелерін, 61 дана ОВХ мен 232 дана мақта терім машиналарын жұмылдыру көзделген.
Өткен жылы 45 мың гектарға мақта шитін сеуіп, 122 мың тонна ақ ұлпа жинаған жетісайлық шаруалар биылғы жылы да сол межені орындауға ниетті. Өйткені, өнім сапасын арттырып, ағын суды үнемдеудің тиімді технологиясы саналатын тамшылатып суғару әдісі биылдың өзінде 2 мың гектарға артқан. Оның 300 гектардан астамы мақта дақылын өндірушілердің еншісінде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
19.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 50
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 578
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 692
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 607
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 616

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8753
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8153
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11382
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9136
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10367