Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жылыту маусымына дайындықты талапқа сай жүргізуді тапсырған болатын. Осы ретте аудан әкімі Серік Мамытовтың төрағалығымен 2024 - 2025 жылғы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын үйлестіру мақсатында арнайы жиын өтті.
Аудан әкімі аудандағы мектептер мен мәдениет ошақтарындағы, денсаулық сақтау мекемелеріндегі қажетті көмір отынымен қамтамасыз ету шараларын тездету керектігін айтты.
Биыл жалпы аудан бойынша алынуы жоспарланған 37 917 тонна көмірдің 31 586 тоннасы тұрғындардың, 6331 тоннасы бюджеттік мекемелердің қаеттіліктерін қамтамасыз етеді. Бүгінде сұраныстың 564 тоннасы ғана тасымалданған.
Өткен жылы елді мекендерді табиғи газға қосу жұмыстарының жүйелі жүргізілуінің нәтижесінде қатты отынға деген сұраныс 2023 жылмен салыстырғанда бюджеттік мекемелерде 14,5 пайызға, тұрғындар арасында 25,6 пайызға төмендеп, 184 бюджеттік мекеменің 114-іне сығымдап шаю жұмыстары жүргізілген.