«Жетісу» футбол клубы» КМҚК директоры сотталды

«Жетісу»  футбол клубы» КМҚК директоры сотталды

Қоғамда күшті наразылық тудырып отырған кейбір мәселелерге қарата Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дер кезінде нақты тапсырмалар беріп келе жатыр. Солардың қатарында спорт саласында келеңсіздіктер  ондаған миллион теңге жалақы алатын шетелдік легионерлер мен ешбір нәтиже көрсете алмаса да қазынаның түбін теспей сорып келе жатқан спорт түрлері жайында Президентіміз өз пікірлерін ашық айтқаны есімізде. 

Бұл туралы заң шығарушы органдарымыз да аттан салып, бірқатар жаңалықтың хабары білінген еді. Былтыр қазан айында халықшыл депутаттарымыздың бірі Нартай Аралбайұлы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 49 бабы туралы айта келіп халықтан сүйінші сұрағаны есімізде. Аталмыш заң жобасы бойынша енді шетелден келетін легионерлерге Үкімет қазынасынан 1 тиын да берілмейтін болады. Бұдан тыс  «адам естімеген спорт түрлеріне ақша беріп келген министрліктің шешімі де тоқтатылып, 180 спорт түрі қысқартылатынын атап өткен болатын. Бұл жаңалықты халық жылы қабылдады. 

Дау-дамайы толастамай тұрған спорт саласына еліміздің құзырлы мекемелері де бақылауды күшейтіп жатыр. Солардың қатарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметін айрықша айта кету керек. Бүгін аталмыш агенттіктің сайтында «Жетісу» футбол клубы» КМҚК директоры сотталды» деген ақпарат таралды.

«Талдықорған қалалық соты «Жетісу» футбол клубы» КМҚК директоры К. Донсебаевқа қатысты үкім шығарды. Ол оқу-жаттығу жиындарын өткізу кезінде клуб футболшыларының тамақтануына бөлінген 31,9 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Залалдың толық өтелуіне және ауыр сырқаттың болуына байланысты Донсебаев мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салумен 7 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды. Үкім заңды күшіне енді» деп мәлімдеді агенттіктің баспасөз қызметі.

 

ЕРҚАЗЫ СЕЙТҚАЛИ
13.03.2025

Ұқсас жаңалықтар

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕ
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі - 01.04.2025 142
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
Жамбыл облысы әкімдігі - 01.04.2025 192
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ГҮЛМЕН КӨМКЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 66
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ  ТӨЛЕБИЛІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 245
ШАРДАРАЛЫҚ ЗІЛТЕМІР ШЕБЕРІ ТҰҢҒЫШ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 54

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3570
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3778
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18700
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17384
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20805