Жетісу облысы Жаңа теміржол маршруты іске қосылмақ

Жетісу облысы  Жаңа теміржол маршруты іске қосылмақ

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Астана – Талдықорған» бағыты бойынша жаңа теміржол қатынасының іске қосылатыны туралы хабарлайды.

Жаңа бағытты ашу Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарының бастамасымен, Көлік министрлігі және Ұлттық тасымалдаушы – «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның бірлескен жұмысы аясында, сондай-ақ азаматтардың көптеген өтініштері ескеріле отырып жүзеге асырылды. Аталған бағытты іске қосу Жетісу облысының көлік қолжетімділігін арттыруға, жолаушылар сұранысының өсуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ елорда мен өңірлер арасында жайлы, қауіпсіз және тұрақты теміржол қатынасын қалыптастыруға бағытталған. Бастапқы кезеңде ұлттық тасымалдаушы тарапынан екі жолаушылар вагоны бөлініп, олар №122/121 «Нұрлы жол – Семей» пойызының құрамында күнара қатынайтын болады.

Көлік министрлігі бұл формат бастапқы кезең екенін атап өтеді. Тұрақты жолаушылар сұранысы қалыптасқан жағдайда вагондар саны мен қатынау жиілігі кезең-кезеңімен ұлғайтылатын болады, бұл маршрутты халықтың қажеттіліктеріне икемді түрде бейімдеуге мүмкіндік береді.

 

11.02.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23378
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23045
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 39171
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36568
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 40682