Зиялы қауым өкілдері жастармен кездесті

Зиялы қауым өкілдері жастармен кездесті
Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында облыстың құрылғанына 85 жыл болғанына орай зиялы қауым өкілдері жастармен кездесті. Кездесуді Тараз қаласы әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов жүргізді.
Возможно, это изображение 8 человек, люди учатся и стол
– Биыл Жамбыл облысының құрылғанына 85 жыл толып отыр. Осы орайда сіздермен кездесіп отырмыз. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білгір жастардың қолында. Бүгінде елімізде жастарға үлкен көңіл бөлінуде. Ең әуелі жастар бойында рухани адамгершілік, саяси интеллектік, құқықтық тәрбие басым болғаны жөн. Бүгінгі күні жастарымыздың ұлтаралық татулық пен қазақ халқының мәдени және тілдік ерекшеліктерін сақтай отырып, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып жатқандығы көңіл қуантарлық жағдай. Елімізді көркейту, оны өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізу – біздің борышымыз деп білем. Әрбір жас жүрек өзінің туған Отаны – Қазақстанды жанындай сүйіп, еліне адал қызмет етуі керек.
Возможно, это изображение 18 человек, люди учатся и текст
Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек, – деді Дәуір Рысбайұлы жиынның алғы сөзінде.
🔹Кездесу барысында ақын, журналист Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ахмет Баймаханбет сөз алып, елдің әдеби-мәдени дамуына тоқталды. Сонымен қатар жастардың ұлт руханиятына қосар үлесі зор екендігін айтты.
Возможно, это изображение 2 человека, Овальный кабинет и текст
📌Сонымен қатар, Қазақстан Жазушылар одағының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, облыстық «Aq jol» газетінің бас редакторы, ақын Хамит Есаманов жиналған жастардың сауалдарына жауап беріп, оралымды ой-пікірін ортаға салды.
Тараз қаласының әкімдігі
20.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 243
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 239
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 741
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 864
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 777

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8934
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8328
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11556
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9313
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10540