Облыс тұрғындарының экономикалық- әлеуметтік жағдайын көтеру, ауыл тұрғындарымен кездесіп, олардың толғандырып жүрген түйткілді мәселелеріне ден қою және этносаралық татулықты сақтау мақсатында «Бейбітшілік пен келісім» жобасының жұмыс топтары 12-13 сәуір күндері Мойынқұм ауданында жоспарлы жұмыстар жүргізді.
Жобаның 3 жұмыс тобы Мойынқұм ауданында аудан әкімдігі бекіткен жоспарға сәйкес елді мекендерде кездесу, семинар, қоғамдық қабылдаулар өткізді.
«Этносаралық және конфессияаралық келісім» және «Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу және бизнесті дамыту» жұмысшы топтары өз салалары бойынша ауданда 39 іс-шара ұйымдастырып, 1 648 адамды қамтыды.
Оның ішінде 27 кездесу, 5 қоғамдық қабылдау, 2 үгіт-насихат, түсіндіру және 5 басқа да іс- шаралар.
Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері тұрғындар арасында кәсіп ашу, грант және несие, атаулы әлеуметтік көмек алу бойынша мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, облыс әкімдігінің ветеринария, цифрлық технологиялар, дене шынықтыру және спорт, жастар саясаты мәселелері, білім, тілдерді дамыту, ішкі саясат басқармаларынан барған жауаптылар өз салалары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.