Жобаны келісімсіз бұзатын мердігерлер көп

Жобаны келісімсіз бұзатын мердігерлер көп

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімдігі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Қайрат Бисембаев өткен жылы басқарма тарапынан атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.

Оның айтуынша, басқармада жеке және заңды тұлғалардан түскен 2527 хат пен 302 өтініш қаралған. Оның 35-іне жауап берілсе, 88- інен бас тартылған. Ал 89-ында көрсетілген мәселелер басқарманың құзырына жатпағандықтан тиісті органдарға жолданды, 52-сіне түсіндірме берілсе, 38-і бойынша қарау тоқтатылды.

– Басқарма мемлекеттік қызметтердің 5 түрін жүзеге асырады. Оған іздестіру қызметін, жобалау қызметін, құрылыс-монтаж жұмыстарын лицензиялау және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау жатады. Соңғысы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу. Мәселен, өткен жылы 157 лицензиялық іс қаралып, 42 тұлғаға лицензия рәсімделді. 48 тұлға атауы мен мекенжайы ауысуына байланысты қайта рәсімдеуден өтсе, 6 тұлғаның лицензиясына қосымша қызмет түрлері қосылды. 61 лицензиаттың құжаттары сәйкес келмеуіне байланысты кері қайтарылды. Ал сарапшыларды аттестаттау бойынша 246 өтініш қаралып, оның 93-і аттестатталса, 16 тұлғаның қолданыстағы аттестаты 5 жылдық мерзімі өтуіне байланысты қағаз түрінен электронды форматқа қайта рәсімделді. Қалғаны өтпей қалды, – дейді басқарма басшысы. Былтыр облыс аумағында бюджет есебінен 368 нысанның құрылыс- монтаждау жұмыстары жүргізілген. Оның 335-і құрылыс, 33-і күрделі жөндеу жұмыстары. Осы және инвесторлардың жеке қаржысына салынып жатқан 235 коммерциялық нысанның құрылысына бақылау ұйымдастырылған. Бүгінгі таңда 368 нысанның 114-і пайдалануға берілген. Қалғаны ағымдағы жылға өтпелі нысандар. Құрылыс саласындағы жобалардан кеткен кемшіліктер де жоқ емес екен. Мәселен, Сарысу ауданында 14 елді мекенге табиғи газ тарту кезінде «Стройгазэкспертиза» ЖШС құрылыс жұмыстарында жобадан ауытқулар орын алған. Құрылыс- монтаж жұмыстары барысында басқарманың келісімінсіз жобалар өзгерістерге ұшыраған. Мұндай жағдай Т.Рысқұлов ауданы Қарақат ауылындағы No2 және Құлан ауылындағы Құлан атындағы орта мектептердің күрделі жөндеу жұмысында, Шу ауданы Төле би ауылындағы 300 орындық орта мектеп құрылысында да орын алған. – Былтыр 99 құрылыс нысанына жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде 72 нұсқама берілді, 248 әкімшілік іс қозғалып, 53 743 534 теңге айыппұл салынды. Заңсыз құрылыс жұмыстарын жүргізгендерге қарсы 4 іс қозғалып, оның 3-еуі сотта қаралып, сот шешімі бойынша айыппұл салынды, – дейді Қайрат Бисембаев. Жиын соңында ол бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қойған сұрақтарына жауап берді.

Марат ҚҰЛИБАЕВ, Ақ жол газеті
29.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 38
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 97
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 30
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 38
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 44
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 37
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 92
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 97
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 292
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 286
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 907

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8984
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8379
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11604
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9362
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10588