ЖОЛ АПАТЫНЫҢ АЛДЫН АЛҒАН АУДАН ПОЛИЦЕЙЛЕРІ

ЖОЛ АПАТЫНЫҢ АЛДЫН АЛҒАН АУДАН ПОЛИЦЕЙЛЕРІ
Биылғы ауданда орын алған жол көлік оқиғасы өткен жылмен салыстырғанда 56%-ға жоғары. Ағымдағы жылдың 11 айында аудан көлемінде 26 жол-көлік оқиғасы тіркелді Жолдағы жауапкершілікті сезінбегендік салдарынан 26 азамат әртүрлі дене жарақатын алса, 14 азамат жол-көлік оқиғасының құрбаны болды.
Жол апаттарының бұлай артуына нендей себептер бар? Көлік тізгіндегендер өзінің де, өзгенің де тағдырына бей жай қарағандығынан 13 азаматтың артында 13 отбасы қара жамылып қала берді.
Жол апаттарының бұлайша күрт өсуі аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының да назарынан тыс қалмады.
Аудан басшысы есепті кездесулерде жергілікті полиция қызметіне қатаң тапсырмалар да жүктеген-ді. Бұл, әрине орган қызметкерлері ғана атқарар шаруа емес. Әр тұлғаның азаматтық борышы деп білгеніміз жөн.
Былтырғы және биыл тіркелген жол-көлік оқиғаларының басым көпшілігі «Аса-Тараз» бағытындағы тас жолда орын алған. Көлік жүргізу куәлігін «көкесінің» арқасында алғандардың көп екені көңілге кірбің түсірер шындық. Міне, сол жауапсыздықтың салдары орны толмас өкінішпен аяқталып жатыр.
Емін іздегенше алдын алудың жолын қарастыру қашан да тиімді. Осы орайда Жамбыл аудандық ПБ ЖПҚ-нің ЖПП тобы бірнеше ар×найы шаралар өткізіп те жатыр. Аудан көлемінде жол көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау мақсатында жыл басынан бері 25 жедел-профилактикалық іс-шаралар мен 15 рейд жұмыстары жүргізілді.
Жамбыл ауданы әкімдігі
27.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

«Ордабасы» президенті маңызды мәлімдеме жасады
«Ордабасы» футбол клубының президенті Абдубаитов Бауыржан Тойшыбекұлы - 25.04.2024 7
ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 16
КЕНТАУДА ҚОҚЫС ЖИНАУ БОЙЫНША  «ПЛОГГИНГ» МАРАФОНЫ ӨТТІ
Түркістан облысының әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 22
 ШАРДАРАЛЫҚ 9 ОҚУШЫ РОБОТОТЕХНИКА БОЙЫНША ИСПАНИЯДАҒЫ ЖАРЫСҚА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.04.2024 21

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 994
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7044
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10888
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7113
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7255