Жуырда облыс әкімі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен Атырау қаласындағы жол құрылысы мәселелері бойынша әкімдік отырысы өтті. Жиында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әлібек Мұханбеталиев қаланың инфрақұрылымдық даму жоспарын іске асыру жайын баяндады. – Жыл басындағы көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте жол құрылысы нысандарын биыл пайдалануға беру туралы жұмыс жоспары әзірленіп, бекітілді. Жоспарға сәйкес, 34 нысан бойынша жұмыс жүргізу қажет, оның ішінде бесеуі салынады, 13-і қайта жаңартылады, 16-сы орташа жөндеуден өтеді. Бүгінде 34 нысанның төртеуінің құрылысы аяқталды, төртеуі жүріп жатыр. Қалған нысандардағы жұмыстар тоқтап тұр, өйткені жобаға түзету енгізілуі қажет. Бұл бойынша құжаттарды рәсімдеу процесінде уақыт алатындай кедергілер жоқ. Облыстық бюджет комиссиясының отырыстары уақытылы өтуде, – деді А. Мұханбеталиев