Алдымен 15-ші шағын аудандағы құрылысы аяқталған 80 пәтерлі тұрғын үйге барған аймақ басшысы құрылыс жұмыстарының сапасын тексеріп, бірқатар ескертулер айтты.
Тұрғын үй ауласын абаттандыруға да айрықша назар аударуды тапсырды. Мердігер нысанды алдағы бір айда толығымен тапсырмақ.
Бұдан соң Нұржан Нұржігітов «Бурыл» алқабына ат басын бұрып, жолдарды асфальттау жұмыстарымен танысты. Жолай кездескен тұрғындардың сауалына жауап берген облыс әкімі жол салу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылатынын жеткізді. Мемлекеттік сараптамадан шыққан соң 1-2 жылда көшелерді асфальттау басталмақ.
Бұдан соң Нұржан Нұржігітов «Бурыл» алқабына ат басын бұрып, жолдарды асфальттау жұмыстарымен танысты. Жолай кездескен тұрғындардың сауалына жауап берген облыс әкімі жол салу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылатынын жеткізді. Мемлекеттік сараптамадан шыққан соң 1-2 жылда көшелерді асфальттау басталмақ.
№54 орта мектеп жөндеуді қажет етеді. Жобалық сыйымдылығы 1200 орынды құрайтын оқу ордасында қазіргі таңда 2100-ден аса бала білім алуда.
Аймақ басшысы мектеп ғимаратын, ауласын аралап көріп, санитарлық торап пен ауладағы тазалыққа қатысты бірқатар ескертпелер білдірді. Ал күрделі жөндеу бойынша зерделеп, жан-жақты шаралар қабылдау үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Келесі кезекте Нұржан Нұржігітов 1 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының жай-күйімен танысты. Орталық басшылығына келушілерге тұрмыстық, медициналық, психологиялық, еңбек, мәдени, экономикалық, құқықтық қызметтерді сапалы түрде ұсыну керектігін баса айтты. Нысанның спорт алаңшасы және асханасын жөндеу мәселесі назарға алынды.
Асқаров көшесінің соңындағы құрылысы жүріп жатқан 600 орындық орта мектепке барған облыс әкімі мердігерге жұмыстарды сапалы әрі бекітілген кестеге сәйкес жүргізуді тапсырды. Қала басшылығы мен тиісті басқармаларға мептепке келетін жол салу және су мәселесін шешу бойынша шаралар қабылдау керектігін ескертті.
Аймақ басшысының жұмыс сапары «Полиэтилен-Агро» ЖШС-ның жаңа цехында түйінделді. Көпжылдық жылыжай пленкаларын, мульчаға арналған пленка өнімдерін, геомембрана, полипропиленді қапшықтар мен торлы қапшықтар, полипропиленді жіп өндірумен айналысатын кәсіпорында 59 адам жұмыс істейді. Өнімдер еліміздің барлық өңіріне және көрші Қырғыз Республикасына жіберіледі.
Ақ жол газеті