14-15 қаңтар күндері жауған қардан Жаңатас-Тараз-Саудакент-Жайылма, бағытындағы облыстық маңызы бар жоларды тазалауға 1 грейдер, 1 погрузчик және Камаз техникалары жұмылдырылып, 70 шақырым жол тазаланды.
Түркістан, Үшбас, Арыстанды, Жайылма, Қызылдихан, Маятас, Игілік, Жаңаталап, Байқадам, Ұйым ауылдарына кіре беріс жолдары қардан тазаланды. 1 грейдер, 1 погрузчик, 1 құмсепкіш техникалары жұмылдырылды.
Айта кету керек, облыстық маңызы бар жолдарды күтіп ұстау, қардан тазалау бойынша «Сарысу жолдары» мекемесімен келісім-шарт жасалған. Бүгінгі күнге, мердігер тарапынан тұйықта 1000 тонна құм араласқан тұз және 15 дана техника дайындалған.
Аудандық маңызы бар жолдарды қыс мезгілінде күтіп-ұстау жұмыстарымен мердігер – «Sholan-Bay» ЖШС-і айналысуда. Қазіргі таңда мердігердің қоймасында 300 тонна құм, 80 тонна тұз араласқан құм сақталуда.
Жалпы ауылдық аймақтардағы жолдарға 18 тонна иннертті материалдар себіліп, қардан тазалау жұмыстарына 37 адам тартылды.