Жолжазба кітап болып шықты

Жолжазба  кітап болып шықты

«Абылай ханның қара жолы» деп аталатын экспедиция алғаш рет «Бабалар рухына тағзым» қоғамдық қорының қолдауымен 2018 жылы басталып,  сол кездегі Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің тікелей қолдауымен және қоғам қайраткері Мұрат қажы Ыдырысұлының бастамасымен ұйымдастырылады. Бурабайдағы Абылай хан алаңынан жолсапарға шыққан саяхатшылар XVIII ғасырдағы «Көкшетау-Ақмола-Ұлытау-Түркістан» керуен жолымен мыңдаған шақырым жол жүріп, қазақ даласының тарихын зерттейді. Құрамында белгілі ғалымдар мен тарихшылар, өлкетанушылар, қоғам қайраткерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кірген экспедиция тарихи мәліметтерді зерттеп, Абылай мен оның заманы туралы ғылыми мақалалар мен құнды деректер жинақтайды. 

Осы алғашқы сапар жайлы экспедиция мүшелері, ғалымдар өз зертеу танымдары бойынша ғылыми-танымдық мақалаларды қамтыған «Абылай ханның қара жолы» атты кітабын жарық шығарды.  

Кітапқа ғалымдардың еңбектері мен мәліметтерінен, жергілікті тұрғындардың әңгімелері мен ақпараттарынан, аңыз-әңгімелерден жинақталған мәліметтер енген. Абылай хан жолында орналасқан ауылдардың, қалалардың атаулары картаға түсіріліп, киелі орындардың, кесенелердің, құлпытастардың тізімі жасалып, олардың фото суреттері орналастырылған. Құрамында Қазақстанға белгілі географ, топограф, биолог, археолог, тарихшы, журналистер енгенэкспедиция Көкшетау, Hұp-Сұлтан, Ұлытау, Сәтпаев, Жезқазған, Қызылорда, Түркістан және Шымкент қалаларынның тарихи және киелі орындарын аралайды. Абылай хан жүріп өткен тарихи жол бойында орналасқан қалалар мен ауылдармен танысып  ауыл тұрғындары, ақсақалдары, тарихшы археологтар, журналистермен кездесу өткізіп, құнды атериалдарды екшелеп кітапқа кіргізеді. Кітапқа жүріп өткен елді мекендер бойынша барлық хронометражы көрсететлген туристік карта жасақталып экспедиция барысында табылған тың деректер оналастырылады. Кітапқа кірген құнды материалдардан жоба жетекшісінің таныстырумен бір екі дерекке тоқтала кетейік. Жетекші Мұрат қажы Ыдырысұлы; - «Абылай ханның қайтыс болған жері белгілі болды. Ханқорған жөнінде Өзбекәлі Жәнібеков «...Шымкенттен жиырма шақырымдай жерде Абылайханның ставкасы - Ханқорған тұр. Абылай ханның немересі Сыздық сұлтан орыс генералдары арқылы Бұхара әмірінен бала-шағасын алдырып, өмірінің соңына дейін осы қорғанда тұрды...»  деп жазыпты.

Келесі деректе М.Ж.Көпейұлы: « ...Сонан соң Абылай сол Арыстың бойындағы бір қорғанға түсіп, алпыс сегіз жасында, жұма күні дүниеден қайтып, сол жер осы күнде «Хан қорғаны» атаныпты. Жезқазғаннан  Қызылордаға шығатын қара жолдың бойында «Туркестанский сборникте» жазылған орыс тарихшылары В. Левшин мен В. Смирновтың және тарих ғылымдарының  докторы Қ. Әбуевтің еңбектерінде кездесетін екі пирамида бар. Олардың биіктігі 10м  диаметрі 100м. Бұлар сақ патшаларының қорғандары екені анықталды. Бірақ оларға осы уақытқа дейін зерттеу жұмыстары жүргізілмеген, бастапқы қалпында сақталған дейді ғалымдар. Одан басқа да құнды деректер кітапта мол қамтылғаны оқырман қауымға қызушылығын тудырып , ел тарихынан мағұлмат алатын болады, деп кітап жайлы қысқаша түсінік берді. Алғашқы сапар жайлы «Абылай ханның қара жолы» атты кітап жарық көріген соң, екінші рет Әл-Фарабидің 1150, Абайдың 175 жылдығына арнап келесі экспедиция сапарға шығады. Бұған дейін экспедиция танымдық және зерттеу жұмыстарын жүргізсе, осы жолы ішкі туризмді дамытуды мақсаттап, жолкартасының нұсқасын жасайды. 

Экспедиция кейінгі сапарларында жүріп өткен өңірлерде Абылай хан туралы кітаптың тұсаукесерін өткізіп, сапар барысында түсірілген бейнефильмді таныстырады. Бүгінгі күні «Абылай ханның қара жолы» кітабы арқылы құнды мағұлматтар халыққа баян етіліп, кітап көпшіліктің көңілінен шықаны байқалады.

Мұрат қажы Ыдырысұлы 1946 жылы Көкшетау облысы Еңбекшілдер/ қәзіргі Ақмола облысы Біржан сал/ ауданы Сәуле ауылында дүниеге келген. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтының түлегі. Еңбек жолын Еңбекшілдер ауданы К. Маркс атындағы мектебінде бастайды. Еңбекшілдер ауданының мектептерінде директор, аудандық, Көкшетау облыстық партия комитетінде және  облыстыққалалық спорт, мәдениет басқармаларында басшы қызметтері сияқты жауапты қызметтер атқарады. 1990 жылы жаңа орнаған Көкшетау қаласында қазақ педагогика училищесінің директорына тағайындалады. Ол облыста қазақ педагогика училищесі, қазақ ұлт-аспаптары оркестрі, спорттың ұлттық түрі мен шайбалы хоккейден жасөспірімдер спорт мектептерінің бой көтеруіне бастамашы болады. Облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасына сайланып, Қазақ музыкалық-драма театрының негізін қалайды. 1994 -1995 жылдары Қазақстанның солтүстік өңірінде тұңғыш рет оқушылар арасында айтыс ұйымдастырған. 

 

«Еңбек ардагері» медалімен, «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері», «Үздік өлкетанушы» төсбелгілерімен марапатталған. Еңбекшілдер ауданының Құрметті азаматы. Туған ауылы Сәуледе Алланың үйі – мешіт салып, «Гете-Абай» саябағын орнатқан.  Ол «Сәуле – менің ауылым», «Қалдырған ізі мәңгілік», «Қазақ қазақты іздесе...», «Қазақ қазақты сағынса...», «Қазақтан қалған сөз бар ма?», «Шанышқылы Секен шешен» танымдық кітаптар және  «Сағындым, әке, иісіңді» атты жыр жинақтың авторы. Қазақстанда тұңғыш «Абылай ханның қара жолы» жобасы және экспедицияның ( 2018 - 2022ж.) жетекшісі. «Абылай ханның қара жолы» кітабын құрастырушы.  

Дахан ШӨКШІР
20.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 43
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 140
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 39
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 45
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 55
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 44
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 135
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 140
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 327
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 320
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 943

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9016
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8412
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11639
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9395
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10622