Жуалы ауданында 3 денсаулық сақтау нысаны ашылды

Жуалы ауданында 3 денсаулық сақтау нысаны ашылды

Жамбыл облысы Жуалы ауданына қарасты 3 ауылдық елді мекенде денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді.

Атап айтқанда, Қарабастау ауылында 25 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория, Тасбастау және Ынтымақ ауылында 15 келушіге арналған фельдшерлік-акушерлік пункт салтанатты түрде ашылды.

Шараға аудан әкімі Жалғас Мұртаза қатысып, халықтың көптен күткен қуанышына ортақтасты.

Жаңа әлеуметтік нысандарда дәрі­­герге дейінгі қарау кабинеті, егу, таңу бөлмелері бар, сондай-ақ медицина қыз­мет­керлеріне арналған кабинеттер қарастырылған.

Айта кетейік, денсаулық сақтау нысандарының құрылысы халықтың өмір сапасын жақсарту жөніндегі Президент тапсырмасына сәйкес мемлекеттік бағдарламалар аясында жүргізілді.

Жуалы ауданындағы Қарабастау, Тасбастау, Талапты, Ынтымақ және Шынбұлақ ауылдарында денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізіліп, 2024 жылғы жоспар толық орындалды.

Жалпы Жамбыл облысында биыл 24 медицина нысанын салу көзделген. Бүгінге дейін 14 нысанның құрылы аяқталып, ел игілігіне берілді.

Жамбыл облысы әкімдігі
28.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 442
Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 450
Әлеуеті артып  келе жатқан аймақ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.11.2025 396

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20768
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20551
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35666
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34208
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38079