Бүгін Ұлыстың Ұлы күні — әз-Наузыз мерекесіне орай аудандық орталық алаңда «ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ НАУРЫЗ!» атты мәдени ісшарасы өтті.
Мерекеге келушілер арасында кір тасын көтеруден,шахмат, тоғызқұмалақ, асық ату мен қол күресі және арқан тартыс сынды ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар тарту етілді.
Ақтың молаятын, Жарықтың ұзаратын, Нұрдың молаятын, Тіршіліктің жаңаратын, Өмірдің жаңғыратын, Пейілдің түзелетін, Көңілдің кеңейетін кезеңі – Наурыз мейрамы құтты
болсын!
АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА АҚ ДАСТАРХАН ЖАЙЫЛЫП, НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ
Аудан әкімдігіне қарасты барлық бөлемдер мен мекемелер атсалысқан мереке кең көлемде аталып өтті.
Қазақы ою-өрнектермен, сырлы сырмақтармен көмкерілген киіз үйлер қойылды.
Ақ дастарқанға ұлттық тағамдар қойылып, келушілерге мерекенің басты символы — наурыз көже
үлестірілді.
Ұлыстың Ұлы күні — Наурыз мерекесіне орай Жуалы аудандық зағиптар қоғамының төрағасы Айдар Қаңтарбаевтың ұйымдастыруымен зағип жандарға қайырымдылық жасалды.
Жалпы «Қазақ зағиптар» қоғамының Жуалы аудандық бастауыш ұйымында 56 көз мүгедектері тіркелген. Олар әртүрлі жағдайларға байланысты көз жанарынан айырылған мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қатарына жатады.
Біз көз мүгедектерін тіркеуге алып, қиын жағдайға тап болған көңілі қаяу жандарға қолымыздан келгенше көмек беруді, моральдық және адамгершілік тұрғысынан, сонымен қатар, материалдық жағынан да қайырымдылық көмек жасап, қол ұшын беруді басты мақсат тұтып отырмыз.
Ұлттық мереке қарсаңында қайырымды іске қол ұшын берген жомарт жанның бірі «Бурное сүт компаниясының» директоры Свамбай Аринов. Жеке кәсіпкер шара барысында 10 отбасына азық-түлік үлестірді.
Жомарт жанға көмек алған зағип жандар алғыстарын білдіріп, қызметтеріне береке тіледі.