Жүйелі жұмыс жетістікке бастайды

Жүйелі жұмыс жетістікке бастайды
Мемлекеттің басым бағыттарының бірі – баспана мәселесін шешу.
Халықты тұрғын үймен қамту саясаты Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының басты назарында.
Қазіргі кезде Жамбыл облысында  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстардың мерзімінен кешіктірілмей және сапалы орындалуы ұдайы бақылауда. 
Жамбыл облысында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жұмыстар өз жалғасын табуда.

Жалпы облыстың 4 қаласында жалпы 1 831  көпқабатты тұрғын үй болса, оның 599-ы қанағаттанарлық жағдайда (32%)561-і күрделі жөндеуден өткен (30%)671-і жөндеуді қажет етеді (36%).

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту аясында 2011-2023 жылдары аралығында жалпы 17,0 млрд. теңгеге            561 тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті (11,8 млрд. теңге РБ —  363 үй,           2,0 млрд. теңге ЖБ — 67 үй, 3,2 млрд. теңге қайтарым қаражат — 131 үй).

Бұл бағыттағы жұмыстар ағымдағы жылы жалғасын тауып, жалпы 5,9 млрд. теңгеге 79 тұрғын үй күрделі жөндеуден өтуде, оның ішінде Тараз қаласында — 53 үй, Жаңатас қаласында — 12 үй, Шу қаласында — 10 үй, Құлан ауылында — 4 үй.

Нәтижесінде, жөндеуді қажет ететін үйлердің саны 32,3%-ға төмендейтін болады.

Инфрақұрылым, құрылыс, энергетика, тұрғын-үй, көлік салалары тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын арттырудағы маңызды бағыттар екені сөзсіз. Осы бағытта Жамбыл облысы әкімінің осы салаларға жетекшілік ететін орынбасары Мәдібек Қанатбек Қайшыбекұлы жұмыстарды жүйелі түрде атқарып келеді. Күн сайын жаңғырту жұмыстарының басы-қасында болып, жұмыстың сапасын қадағалап, әр аудандағы жұмыс барысын бақылауда ұстап келеді. 

Жалпы,облыс орталығы Тараз қаласының тұрғын үй қорында 1 438 көппәтерлі тұрғын үй болса, 1 103 үйдің пайдалануға берілген мерзімі 30 жылдан асқан.

Оның ішінде 614 үй жөндеуден өткізуді қажет етеді. Биыл 53 көпқабатты тұрғын үйді модернизациядан өткізу жоспарланған.

Бүгін Қанатбек Қайшыбекұлы  Тараз қаласындағы  осы 53 үйдің жұмыстарын көзбен көріп, кезекті қадағалау жұмыстарын жүргізді.

Атап айтсақ: «Ақбұлақ» (1) м.а. 23 үй, «Аса» (10) м.а. 30, 23 үйлер, «Мыңбұлақ» (9) м.а. 33, 66 үйлер.

Тұрғындармен жолығып, олардың сауалдарына жауаптар берді. Облыстың отын-энергетика кешендерімен алдағы жылыту маусымына дайындық шаралары туралы да айтып өтті.

Тұрғындармен кездесу барысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жалпы ел аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы іске асырылып жатқандығын тілге тиек етті.

Бүгінгі күнге ұйымдастырылған сенбіліктер нәтейжесінде 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен сквер аумағы, 818 шақырым каналдар мен арық жүйелері, 129 мың аулалар мен 4,5 мың шақырым көше жолдары тазартылғанын, 16 мың тонна қоқыс шығарылып, 60 мыңға жуық көшеттер отырғызылғандығын жеткізіп, баршаны тазалық жұмыстарына бір кісідей атсалысып, әр адам тазалықты табалдырықтан бастау қажет екендігін баса айтты.

Жамбыл облысы
14.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 131
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 15
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 63
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 59
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 44
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 464
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 432
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 455
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 447
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 445
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 462
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 451
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 646

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9685
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9064
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12298
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10069
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11278