Жүйелі жұмыстар жетерлік, түйткілді мәселелер де бар

Жүйелі жұмыстар жетерлік, түйткілді мәселелер де бар

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің аудан тұрғындарымен кездесулері жалғасуда.

Кеше өңір басшысы Жуалы ауданына арнайы іссапармен барып, әуелі Қызыларық ауылы тұрғындарының талап-тілегін тыңдады.

Кездесу барысында Қызыларық ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Садиров мұндағы «Көксай» каналының күрделі жөндеу жұмыстары әлі күнге дейін толық аяқталмағанын, ал мердігер тарап тек құрғақ уәде берумен шектелетінін айтып, шағымданды. Тұрғынның сауалына Жуалы ауданы әкімінің орынбасары Рахымғазы Құниязов жауап берді. Ол өз сөзінде қазіргі таңда «Көксай» каналын бетондау жұмыстары қарқынды жүргізіліп, оның 50 метрдей жері қалғанын және жөндеу жұмыстары осы айдың 22-не дейін толығымен аяқталып, тұрғындар игілігі үшін пайдалануға берілетінін жеткізді.

Жиын барысында ауыл тұрғындары Айдар Арғынбеков, Ержан Анықбаев округке қарасты Ақтөбе ауылына таза ауыз су жүйесін тарту және Қайнарбұлақ көшесіне асфальт жамылғысын төсеу, су ұңғымасын қазу, жұмыссыздарға берілетін 2,5 пайыздық несиенің шаруа қожалықтарына берілмеуінің себебі туралы бірқатар мәселелерді көтерді. Қойылған сұрақтарға аудан әкімдігінің тиісті бөлім басшылары нақты әрі тиянақты жауаптарын берді.

Кездесуде сөз алған облыс әкімі Нұржан Нұржігітов облыс көлемінде су қоймаларын салу, су ұңғымасын қазу және тамшылатып-жаңбырлатып суару жүйесін іске қосу жайына тоқталды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасында еліміз 2025 жылға дейін толығымен таза ауыз су жүйесімен қамтылуы тиіс деген болатын. Жалпы, облыс бойынша 367 елді мекен бар болса, соның ішінде 82 елді мекен таза ауыз сумен қамтылмаған. Ал, үш жыл ішінде осы бағытта қарқынды жұмыс істейтін болсақ, таза ауыз су жүйесінде мүлде проблема болмайды. Су қоймаларын салу жұмыстарына келер болсақ, облыс аумағынан жалпы 8 су қоймасын салу жоспарлануда. Биыл су қоймаларының жобалық- сметалық құжаттамасы жасалуда. Келер жылы құрылыс жұмыстары басталатын болады. Алайда, тұрғындар ауыз су мен ағын суды үнемдеуі керек. Ысырапшылдыққа жол бермеуге тиіспіз. Сондай-ақ, көп суды қажет етпейтін дақылдарды егуге ақырындап көшкен дұрыс. Бұл тұрғыда қазіргі уақытта ғалымдар жұмыс істеуде.

Біздің басты мақсатымыз–халықтың әлеуметтік деңгейін 100 пайызға жеткізу. Сол үшін де жергілікті атқарушы билікпен бірге, қарапайым ауыл тұрғындары да бірлесіп, ұйымшылдықпен жұмыс істеуі керек. Сонда ғана нақты нәтижелерге қол жеткізе аламыз, – деді Нұржан Молдиярұлы.

Келесі кезекте облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Бәйтерек ауылдық мәдениет үйінде Ақтөбе ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Атап айтқанда, аудандық мәслихаттың аталған ауылдар бойынша сайланған депутаты Ұлан Айхожаев ауылдан талай спорт саңлақтары түлеп ұшқанын айта келе, үлкен спорт кешенін салу туралы ұсынысын жеткізді. Ал, Талғат Тойшыбеков есімді ауыл тұрғыны округке қарасты ауылдар Қырғыз елімен шекаралас жатқанын, алайда шетелге шығу үшін айналма жолмен жүруге тура келетінін айтып, шекараны ашса деген тілегін айтты. Көтерілген сұрақтарға өңір басшысы тиісті деңгейде жауап берді.

Кездесу соңында облыс басшысы Нұржан Молдиярұлы ауыл тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдады.

Сондай-ақ, әлеуметтік нысандарды аралап, «Көксай» каналын жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

 

Мақпал СҮЙІНБАЙ Жуалы ауданы
23.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 38
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 95
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 38
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 43
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 37
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 90
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 95
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 290
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 284
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 905

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8982
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8377
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11602
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9360
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10586