ЖҰМЫС ҚАРҚЫНЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ

ЖҰМЫС ҚАРҚЫНЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ

Ауданымызда қолға алынған бастамалар мен құрылыс жұмыстары жайында бұған дейін де айтылған болатын. Бүгін Шу қаласы мен ауылдық округтердегі аталмыш құрылыс алаңдарын аралап, оның сапасы мен аяқ алысын бақылап қайттық.

Өткен жылы Өндіріс ауылдық округінде мәдениет ошағының құрылысы басталған. Қазіргі кезде мұндағы құрылыс жұмыстары аяғына жетіп, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Сәтін салса, ауылдағы мәдениет үйі маусым айының ортасында ел игілігіне беріледі деп жоспарлануда. Оған қоса, аталған ауылда жастарға арналған спорт алаңшасы соғылуда. Дәл осындай спорт алаңшалары Өндірістен бөлек, Ақтөбе және Д.Қонаев ауылдарында да бой көтеруде. Жоғарыда аталған нысандардың сапасы мен мерзімі бойынша жауапты мердігерлер мен бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.

Сонымен қатар, біршама уақыт бұрын ауданымызда орын алған қатты дауылдың салдарынан 8 тұрғын үй зардап шеккен болатын. Осыған байланысты, шұғыл шешім қабылданып, 8 үйдің құрылысы басталып кеткен. Бұл үйлердің де құрылыс сапасын көзбен көрдік.

Одан бөлек, Көктөбе ауылында жүргізіліп жатқан ауыз су құбырының құрылысы, Қорағаты ауылдық округіндегі білім ошағы, аудан орталығы мен қаладағы төтенше жағдайлар бөлімі және жол жөндеу жұмыстарын бақылап қайттық. Аталған жұмыстардың барлығы да қатаң бақылауда болатын болады.

Бақытжан Жәнібеков , Шу ауданының әкімі
20.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 865
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6934
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10771
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7004
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7144