Облыс орталығы – Тараз қаласының №10 аумақтық округіндегі бірқатар әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарды аралап, жағдайымен және жұмысымен таныстым.
М.Мәметова атындағы №27 және №34 орта мектептердің бүгінде тозығы жеткен. Мұндағы оқушылар санының жыл санап артып келе жатқанын ескерсек, оқу ордаларын жаңғырту – өзекті болып отыр.
Ол бойынша тиісті жұмыстар жүргізу үшін жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктедім.
Жаңадан салынып жатқан №6 қалалық емхананың құрылысын арнайы көріп, жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуын талап еттім.
«Тараз халвасы» ЖШС мен «Пышка» ЖК-нің кондитерлік өнімдер шығару цехында да болдым. Кәсіпорын басшылары шикізат ретінде жергілікті өнімдерді пайдалануға, әлеуметтік жұмыс орындарын құруға баса назар аудару керек. Жұмысшылардың жалақысын арттыру, әлеуметтік қолдау мәселелері де назардан тыс қалмауы тиіс.
А. Байтұрсынов көшесіндегі әлеуметтік дүкенінің жұмысымен танысып, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын тұрақтандыру шаралары әрдайым бақылауда болу керектігін ескерттім.
Бұдан бөлек «Асарлатып үй салу» жобасы арқылы үйлі болған тұрғындардың мәселесін тыңдап, осы алқаптағы құрылысы аяқталған 600 орынды №26 мектептің аралап, жай-күйін тексердім.