Қысқа мерзімде оқытудың I кезеңінде 94 адам 4 мамандық бойынша оқуын бастады. Қазір II кезеңге іріктеу жүріп жатыр.
– Биыл «Теңізшевройл» компаниясымен 250 адамды оқыту жоспарланды. Шілде айында 94 жұмыссыз оқуын бастап, оның ішінен 32-сі мамандық сертификатын алып шықты. Қазір басқарма мамандары барлық ауданды аралап, 2-ші кезеңге іріктеу жүргізіп жатыр. Үміткерлер металлконструкцияларды дәнекерлеуші, БӨАжА монтаждаушы, электрмонтаждаушы, құбырмонтаждаушы мамандықтары бойынша кәсіптік білім ала алады, – деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Еркебұлан Әбілқасымов.
Кәсіптік оқыту облыс әкімдігі мен «Теңізшевройл» ЖШС арасында бекітілген келісімшарт негізінде жүргізіледі. Осыған орай, жыл сайын 250 жұмыссыз оқытылады. Былтыр жұмысшы мамандықтары бойынша білім алған 250 адамдың 85 пайызы жұмысқа орналасқан.