Жұмыссыз жандарға мемлекеттің қолдауы зор

Жұмыссыз  жандарға  мемлекеттің  қолдауы зор

Жыл басынан бері жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 393 мыңға жуық адам қамтылды. 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 393,4 мың қазақстандық қатысты. 293,5 мың адам жұмыспен қамтылды, оның 143,6 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты. Бұл жайында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 149,6 мың адам орналастырылған. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарында 13,5 мың адам, жастар практикасында 14,7 мың адам, қоғамдық жұмыстарда 97,8 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 6,7 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 258 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 16,7 мың адам жұмыспен қамтылған.

Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 39,9 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 36,1 мыңы оқуды аяқтады.

Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 49 мың адам қамтылды, оның ішінде 36,1 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.

Қызмет саласын таңдау мақсатында 134,6 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.

Бұдан басқа, жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 2024 жылы халықтың әлеуметтік осал санаттарына 400 АЕК (1 476 800 теңге) мөлшерінде 9 мыңнан астам грант беру көзделген. Жылдың басынан 4 361 грант берілді.

 

Ертай Айғалиұлы
21.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 199
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 195
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 702
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 825
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 738

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8894
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8289
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11517
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9273
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10501