Бүгінгі күнге уәкілетті органда 1123 азамат жұмыссыз ретінде есепте тұр.
Жыл басынан бері 1583 азамат белсенді шаралармен қамтылды. Оның ішінде, 567 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, әлеуметтік жұмыс орындарына 37 адам жолданды. Жастар практикасын ұйымдастыру бойынша 49 жас маман мекеме, кәсіпорындарға жұмысқа жіберілсе, қоғамдық жұмысты ұйымдастыру бойынша 598 адам жұмысқа тартылған.
72 азамат «Бастау бизнес» оқу курсынан өтіп, тиісті сертификаттарын алды.
Алғашқы жұмыс орындарына 9 адам, Ұрпақтар келісім-шарты 2 адам, "Күміс жас" бағдарламасы бойынша 90 адам жұмысқа тартылды.
2024 жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқумен 54 адам қамтамсыз ету жоспарланған. Ағымдағы жылдың 10 маусымында 54 адам Жаңатас көпсалалы колледжіне оқуға жолданды (машинист-эксковатора, повар, лаборант, электрогазосварщик). Оқу ұзақтығы 3 ай.
Жұмыс берушілердегі жұмыс орнында кәсіптік оқытуға 25 адам жоспарланған. Ағымдағы жылдың 10 маусымында 25 адам Тараз қаласындағы «Экоблок» оқу орталығына оқуға жолданды (кондитер, машинист-эксковатора, электрогазосварщик, слесарь по ремонту автомобиля, оператор ЭВМ). Оқу ұзақтығы 2 ай.
«Enbek.kz» платформасында жұмыссыз азаматтарды тегін онлайын оқыту жоспар 155 адам. Бүгінгі таңда SKILLS ENBEK платформасы және ENBEK мобильді қосымшасы арқылы сұранысқа ие мамандықтар бойынша 159 адам оқытылып, сертификаттарын алды.