Жылыту маусымына дайындық барысы қаралды

Жылыту маусымына дайындық барысы қаралды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен штаб отырысында елді мекендер мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтардың алдағы жылыту маусымы мен қысқа дайындық барысы пысықталды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дамир Тұңғатов хабарлама жасады.

Облыста 9 негізгі жылу энергетика кешені, 593 автономды қазандық бар. Олардың көмегімен 1 737 әлеуметтік нысан және 1 649 көпқабатты тұрғын үй жылумен қамтамасыз етіледі.

Ағымдағы жылы жылыту маусымына дайындық іс-шараларына 26,8 млрд.теңге бөлінді.

Өңірде 350,7 шақырым жылу желісі бар.
Биыл Тараз, Жаңатас, Қаратау, Шу қалаларындағы 16,2 шақырым жылу желісіне қайта жаңғырту, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын атқару көзделген.

Бүгінде тек Тараз қаласы М-1 жылу магистралінде жұмыстар жалғасуда.

Алдағы жылыту маусымына 206,1 мың тонна көмірдің қажеттілігібар деп есептелген. Бүгінде қатты отынды тасымалдау жұмыстары кестеге сәйкес жүруде.

Облыстағы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 1 649 көпқабатты тұрғын үйдің 94 пайызы жылыту маусымына дайын.

Басқосуда жауаптылар алдағы жылыту маусымына дайындық шаралары мен атқарылған жұмыстардың нәтижелері бойынша есеп берді.

- Өткен жылғы қыстың тосын мінезін барлығымыз көрдік. Жауапты мекемелердің дайындығы қандай деңгейде екені белгілі болды. Өткеннен сабақ алуға тиіспіз. Жанар-жағар май қоры, қар тазалайтын техникалардың дайындығы үнемі бақылауда болуы тиіс. Жоғары деңгейдегі дайындық және жылдам әрекет ету – адами және қаржылық шығындарды болдырмаудың бірден бір жолы, – деді облыс әкімі.

Ербол Қарашөкеев төтенше жағдайлар департаментінің басшысына Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің қыс мезгіліне дайындығын қазан айында жіті тексеруді талап етті.

- Қыс – адамның салғырттығын кешірмейді. Жылу желілері үздіксіз жұмыс істеуі тиіс. Жылыту маусымында орталық қазандықтар мен әлеуметтік нысандарда жеткіліксіз дайындық әсерінен төтенше жағдай орын алса жауапкершіліктеріңіз жеке қаралады, – деп атап өткен өңір басшысы дайындық жұмыстарын күшейтуді ескертті.

Жиын қорытындысы бойынша жауапты тұлғалардың алдына нақты міндеттер қойылып, сапалы орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Жамбыл облысы әкімдігі
18.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 132
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 16
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 68
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 62
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 47
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 464
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 432
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 456
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 448
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 446
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 463
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 453
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 646

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9688
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9067
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12301
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10072
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11281