ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ЖАН-ЖАҚТЫ ДАЙЫНДЫҚ КЕРЕК

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ЖАН-ЖАҚТЫ ДАЙЫНДЫҚ КЕРЕК
Ауылға көңiл бөлу және ондағы халықтың өмір сүру сапасын жақсарту – мемлекеттiк мәнi зор iс. Кез келген экономикалық реформаның түпкi мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру. Соңғы жылдары ауданымызда құрылыс жұмыстары қарқын алды. Түрлі спорт кешендері мен мектептердің, елді мекендердегі су жаңа медициналық пунктер осы жұмыстың ауқымды жүріп жатқанының дәлелі. Ең бастысы халық жаңадан бой көтерген нысандардың бүгінде игілігін көруде
Осы орайда аудан әкімінің міндетін атқарушы Ержан Әмірханов ауданымыздың өндірістік аумағы Мыңарал, Шығанақ ауылдарында болып, құрылыс жұмыстарының қарқынымен және су тораптарының жағдайымен танысып, қысқы жылыту маусымына дайындық барысын бақылады.
Ержан Әлімханұлы алдымен Мыңарал ауылдық округінде болып, 120 орындық мектептің құрылыс жұмыстарымен танысып, мердігер мекеме «Quality Design & Tehnology construction» ЖШС-нің өкілімен тілдесіп, құрылыс жұмыстарын уақытылы және сапалы орындауға шақырды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді мекендердегі инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, аудан бойынша ауқымды бастамалар Үкімет басшысы мен облыс әкімі тарапынан қолдау тапқан. Бұл ретте аудан әкімінің міндетін атқарушы республикалық, облыстық және аудандық бюджет есебінен жүзеге асып жатқан жобаларды уақытылы әрі сапалы аяқтау бақылауда болатынын айтты. Ауданымызда Мыңарал ауылы мен Қарабөгет ауылындағы мектептер апатты жағдайда болып танылып, жабылған болатын. Биыл бұл 2 жобаға республикалық бюджеттен жалпы 3,4 млрд. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталып кеткен еді.
Сонымен қатар Ержан Әлімханұлы ауылдық округтегі Мыңарал стансасындағы Мыңарал бастауыш мектебі мен ауылдық «Нұр-ай» бөбекжай бақшасында болып, жылыту маусымына дайындығын пысықтады. Биылғы қысқы жылыту маусымға білім саласындағы мекемелерге 11 023 тонна көмірге тапсырыс берілген, Атап айтар болсақ мектептерге 9041 тонна, мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелеріне 1758 тонна, қосымша білім беру мекемелеріне 193 тонна, КППК -31 тонна. Қаралған қаржы көлемі 252361, 0 мың теңге. Бүгінгі таңда 5 366 тонна көмір Шу қаласындағы теміржол тұйығына түсіріліп, 2253 тонна көмір білім нысандарына жеткізілген.
Келесі кезекте аудан әкімінің міндетін атқарушы Ержан Әмірханов Шығанақ ауылдық округіне атбасын бұрды. Мұнда Шығанақ амбулаториялық мекемесі мен «Қуаныш» балабақшасының ішін аралап, ішкі жылыту қазандықтарында болып, көмірдің түсірілуіне мән берді. Содан соң Бурылбайтал, Мирный, Қияқты ауылдарының ауыз су торабының имараттарының жай-күйімен танысты.
Сондай-ақ аудан әкімінің міндетін атқарушы Ержан Әлімханұлы елді мекендерді аралау барысында көркейту-көгалдандыру жұмыстарының барысымен танысып, абаттандыру жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтты.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ержан Әлімханұлы елді мекендерді аралау барысында аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі басшысының міндетін атқарушы Талғат Үсенбаев бірге жүрді.
Мойынқұм Ауданы
17.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 212
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 208
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 713
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 836
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 750

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8907
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8301
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11529
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9285
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10513