Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында жерді тегін жалға алу құқығына ие болғандардың көпшілігі жерді игермей, босқа ұстап отырғанына тоқталды.
«Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарып алатын кез келді. Жер – біздің ортақ байлығымыз және оны кім игерсе, соған тиесілі болуы тиіс» деп атап өтті.
Осындай үгіт-насихат жұмыстары қатар жүруі керек және мұның бәрі заңдастырылуы тиіс. Негізі қойылып отырған мәселе өте өзекті, бірақ оның шешу жолдарын терең зерттеп, ұйымдастыру қажет.
Тура осындай ұстанымды ұстанған Талас ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек тұрғындарға есеп беру жиынында:
-Жылыжай санын арттыру аса маңызды. Қаратаудың топырағы құнарлы. Не ексеңде шығады. Сондықтан жылыжай егіп, жұмысын бастаймын деген жандарға 10 сотық жерді тегін береміз. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы несиелер мен қайтарымсыз гранттар алуға қолдау көрсетеміз, -деді.