Алматы облысы Отбасыларға шабыт сыйлаған мереке

Алматы облысы  Отбасыларға шабыт   сыйлаған мереке

Ауқымды мерекелік шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен және шет мемлекеттерден келген 10 мыңнан астам көрермен жиналды. Таңертеңнен бастап Байсеркеге балаларымен келген отбасылар, жастар мен үлкендер ағылып, үлкен авиациялық мерекенің ерекше атмосферасына куә болды. Авиашоуды ұйымдастырушылар – Қазақстанның шағын авиация қауымдастығы (КАМА), «Тянь-Шань» авиациялық орталығы, «Отан» әуе клубы мекемесі, сондай-ақ Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен Visit Alatau туристік ақпараттық орталығы. Іс-шара қарсаңында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясы өтіп, онда авиациялық спортты дамыту мен жастар арасында техникалық шығармашылықты насихаттаудың маңызы атап өтілді.

Ашық алаңда авиациялық техника музейі ұйымдастырылып, әр кезеңнің куәсі болған тарихи және заманауи ұшақтар мен тікұшақтар көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Балалар ұшақ кабиналарын қызыға тамашалап, қонақтар естелік суретке түсті. Көк жүзінде әуе шарлары көтерілді. 

Ашылу рәсімі Мемлекеттік Ту тігілген тікұшақтың Әнұран әуенімен көкке көтерілуімен айшықталды. Бұл сәт патриоттық рухты күшейтіп, аспанның елді біріктіруші құндылық ретіндегі символдық мәнін көрсетті.

«Небо Байсерке – 2025» Қазақстандағы авиациялық спорт саласындағы ең ірі оқиғалардың бірі ретінде өз мәртебесін тағы да дәлелдеп, технологияны, шеберлікті және көкке деген сүйіспеншілікті тоғыстырған нағыз отбасылық әрі шабыт сыйлаған мерекеге айналды. 

21.08.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 16660
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 16512
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 31706
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 30311
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 33918