Гүлжан Сүгірбаева, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры: САЙЛАУ САЯСИ ЛИБЕРАЛИЗМНІҢ ДАМЫП КЕЛЕ ЖАТҚАНЫН КӨРСЕТТІ

Гүлжан Сүгірбаева,   Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры:   САЙЛАУ САЯСИ   ЛИБЕРАЛИЗМНІҢ   ДАМЫП КЕЛЕ   ЖАТҚАНЫН КӨРСЕТТІ

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы еліміздегі аса маңызды саяси науқан болды. Сайлау демократиялық қағидаларға сай, ашық, әділ, таза, ең бастысы, заң талаптарына сәйкес өтті деп сеніммен айта аламыз. Бұл қоғамдағы тұрақтылық пен елдегі келісімді сақтаудың және Қазақстанның орнықты дамуын қамтамасыз етудің кепілі болады деп есептеймін. 

Шымкент қаласында сайлаушылардың белсенділігі жоғары болды. Адамдар сайлау учаскелеріне дауыс беруге үздіксіз келіп жатқанын көріп қуандым. Демек, біздің халқымыздың саяси мәдениеті жоғарылаған деген сөз. Әрі сайлаушылар ел болашағына өздері жауапты екенін сезініп отыр.

Тағы бір айта кетерлігі, Қазақстанның сайлау жүйесі жылдан-жылға саяси либерализм мен плюрализм қағидаларына сәйкестеніп келе жатқанын көріп отырмыз. Әсіресе, осы сайлауда алғаш рет дауыс беру бюллетенінде «бәріне қарсымын» деген қатардың пайда болғанын айтуға болады. Сайлаушылардың 5,8 пайызының осы қатарды таңдауы – елімізде саяси еркіндік бар екенінің дәлелі. Мұның өзі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезең-кезеңімен жүргізіп жатқан саяси реформалардың алғашқы нәтижесі деуге болады. 

Бетті дайындаған – 

Нағашыбай Қабылбек, 

Тілекгүл Есдәулет

Нағашыбай Қабылбек, Тілекгүл Есдәулет
28.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЖАҢААРЫҚТАҒЫ ДОП ДОДАСЫ
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 20.05.2024 30
Семейде бір ай бұрын жоғалған қыз өлі табылды
Альфия Адамбек, Turkistantvkz инстаграм парақшасы - 19.05.2024 62
 ШАРДАРАЛЫҚ КӘСІПКЕР БІРНЕШЕ ЦЕХТЫ ІСКЕ ҚОСПАҚШЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 51
СОЗАҚТА БАЛЫҚ ӨСІРУДІ  ЖОЛҒА ҚОЙҒАН КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ САНЫ АРТТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 37

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1586
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7619
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11497
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7662
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7821