Трамп Украинаның қауіпсіздігіне кепіл болмақ

Трамп Украинаның қауіпсіздігіне кепіл болмақ

 Еуропаның өзге басшылары Ақүйге артқы есіктен кірді. Оларды Трамп арнайы шақырмаған соң, есік алдына шығып күтіп те алмады. Ал ресми түрде шақырылған Зеленский алдыңғы есігінен кірді. Трамп оны өзі қарсы алды. Қол беріп амандаса сала қонағының киіміне назар аударды. «Пенжегің әдемі екен, маған ұнап тұр», – деді Трамп. Ішке кіре сала екі президент журналистердің сұрақтарына жауап берді. 

Естеріңізде болса, Аляскада Путин БАҚ өкілдеріне сұрақ қойғызбаған. Қойып үлгергендерін өтірік естімегендей болған. Диктатура мен демократияның айырмасы осы жерде бір көрініп қалды. Зеленский әлемге ашық екенін әйгіледі. 

 

Сын сағатта АҚШ көмегі қажет. Оның артынан шашбауын көтеріп бүкіл Еуропа басшылары қоса келген. Олар қолдан келгенін беруге даяр, Америка қаруын сатып алып, Украинаға беруге қаражат бөліп қойған, тек Трамп қорыққанынан Путиннің «қойнына кіріп кете ме?» деп алаңдаулы. Сол үшін қалған шаруаларын жиып қойып, мұхит асып келіп отыр. Басында 24 минут Трамп пен Зеленский жорналшылардың сауалдарына сөз қайтарысты. Одан соң жеке сұхбаттасты. Шыққаннан кейін Еуропа басшыларымен топтасып ымыралық суретке түсті. Ол – жақсылықтың нышаны. Трамп өзге «қонақтармен» де жолығады. Украин халқына сәттілік тілейік!

Қанат СЕРІКХАНҰЛЫ

 

Сопақ бөлмеде тараптар ақпандағы тәртіп бойынша отырды. Төрде Трамп пен Зеленский, ал қосшылар екі қапталда. Бұл жолы әңгімеге вице-президент Джейди Вэнс араласпай, үнсіз қалды. 

Сұрақтар да, жауаптар да бұған дейін айтылған, белгілі жайттар. Ең бастысы – Трамп Украинаның қауіпсіздігіне гарантия беретінін мәлімдеді. НАТО аясында емес, басқа бір жолын қарастырып жатса керек. Бәлкім майдан шебіне, екі әскердің ортасына еуропалықтармен қатар америкалық сарбаздар да барып тұрады. «Оны кешке қарай айтамыз» деді АҚШ басшысы. 

Сөз соңында биыл ақпанда Зеленскийге «неге кәстөм кимейсің» деп сұрақ қойған журналист Украина басшысынан кешірім сұрады. Трамп оның сөзін «пенжегің ұнап отыр» деп қостады.

 

Нұрбек ТҮСІПХАН

21.08.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 16660
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 16512
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 31706
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 30311
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 33918