Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарында жаңбыр жауып, өзендер арналарынан асуы мүмкін екенін айтқан Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев: «Өздеріңіз көріп отырғандай, ауа райы өте құбылмалы болып тұр. Тек соңғы аптаның өзінде Астана қаласында, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Қостанай және басқа да облыстарда күн райы күрт бұзылып, бірнеше рет алдын ала ескерту жарияланды. Алдағы күндері Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарында да жаңбыр жауып, өзендер арнасынан асуы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысында да жауын-шашын болатыны күтілуде. Сондықтан өңірлік төтенше жағдай миинистрлігі қызметкерлері табиғат апатының алдын алуға сақадай сай болулары керек»,— деді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз