Кезекті Үкімет отырысында букмекерлік кеңселерге қойылатын талаптарды күшейту керектігін мәлімдеген ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Бұл жәй мәселе емес. Қазіргі уақытта заң жобасын дайындап жатырмыз. Оның екі жағы бар, букмекерлік кеңселерге қойылатын талаптарды күшейту қажет.

Қазіргі электронды ғасырда букмекерлік кеңселерді бір аймаққа көшіру қауіпті. Заңсыз қызмет түрін Интернет арқылы сақтау да өте қиын. Лотерея қызметінен түскен табыстың 15 пайызы спортты дамытуға жұмсалады.

Букмекерлік кеңселер мен казинолардың, кез келген ойын бизнесінің өз табыстарының белгілі бір көлемін әлеуметтік жобаларға, спортқа бағыттауын реттеу министрлік міндеті болып отыр. Бұл — біздің ұстанымымыз, халықаралық тәжірибе. Мысалы, Лондон Олимпиадасын өткізген кезде Ұлыбритания бюджетіне түскен қаржының 32 пайызы лотерея мен букмекерлік қызметтен түсті. Осындай халықаралық тәжірибені зерттей отырып, біз сарапшылармен бірге заң жобасын дайындап жатырмыз. Ол Үкіметке, әрі қарай Парламентке ұсынылады»,— деп мәлімдеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз