Ақорда баспасөз қызметі: «Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысының Райымбек ауданын Кеген және Райымбек аудандарына бөлу туралы Жарлыққа қол қойды»,— деп хабарлайды. Төменде «Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістер туралы» Жарлықың мәтіні келтірілген. Онда: «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес:

1.Алматы облысынан Райымбек ауданын бөлу арқылы әкімшілік орталығы Кеген ауылы болатын Кеген ауданы мен әкімшілік орталығы Нарынқол ауылы болатын Райымбек ауданы әкімшілік-аумақтық бірліктерін құруға;

2.Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықтың 1-тармағын iске асыру жөнiнде қажеттi шараларды қабылдауға;

3.Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін деп қаулы етемін»,— делінген.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.