Мәжілісте дәрілік заттар айналысы бойынша заң жобасын таныстырған ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов: «Медициналық препараттарды қол жетімді ету үшін көтерме және бөлшек саудадағы бағаларды реттеу механизмдері енгізіледі. Осылайша дәріханаларда препараттар құнына 300 пайызға дейін үстеме қосылады. Астана мен Алматы қалаларындағы бағаны анықтау барысында бөлшек сауда дәріханаларында бір дәрінің құнындағы айырмашылығы  100 пайызды көрсетті. Мысалы, кеторолдың ең төменгі бағасы 230 теңге болса, ең жоғары юағасы 500 теңгені құрады.  бөлшек саудада 30 пайыздан бастап кейбір препараттарға 300 пайызға дейін артады.  Қазақстанда тегін берілетін дәрілердің ғана бағасы реттеледі. Ал көтерме, бөлшек саудадағы өзге препараттардың құнына кәсіпкерлер өзі қожайын. Енді министрлік барлық бағаны бақылауды қолға алалады. Елімізге дәрі-дәрмек келгенде, немесе зауыттан шыққанда оның бағасы мемлекеттік органда тіркелінеді. Сонымен көтерме сауда деңгейдегі шекті үстеме мөлшері бекітіледі. Одан кейін бөлшек сауда дәріханалардағы бағасы реттеледі»,— деп түсіндірді.

Ермек Назым

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.